Санап көрем

Мұқағали Мақатаев

Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы - қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт - бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Қанеки, нелерің бар, Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетіи санап көрем.
Санап көрем... тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Қарттар бізді тастайды - ау, күйінемін,
Ой, өмір - ай, неғылған қиын едің!?
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам, тек қана киіне біл...



Ұқсас жұмыстар

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы
Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Ұлы ақын, композитор - Абай Құнанбаев
Абай - публицист
Асан қайғының айтқандары
Поэзия
ЭТНОДЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ҮЛТТЫҚ ОЙ-САНАПРОБЛЕМАСЫ
 Отан оттан да ыстық демекші мен өз елімді қатты жақсы көремін
Мен жыл мезгілінің ішінде көктем мезгілін жақсы көремін
Мен әжемді өте жақсы көремін
Бүгінгі күнде жеңіл жүрісті қыздар күн санап артып бара жатыр
Мен қыс мезгілін жақсы көремін
Қане санап жіберейікші
Балалар мұнда көптеген шыршалар бар екен қане санап көрейікші
Әбдібек ЖаманбаевТабысымды жүргем жоқ санап пайда, Қонақ қайда, келетін қонақ қайда
Мұқағали МақатаевҒабит МүсіреповкеҒабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең