Махамбеттің өлеңдерін ата
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сынып
7-сынып
Сабақтың тақырыбы
Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы
Пайдаланылатын ресурстар
- Оқулық, интерактивті тақта
- Тақырыпқа байланысты қосымша материалдар
- Ақынның өлеңдер жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттер
Мақсаты мен күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
- Абай өскен ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын түсіндіру және шығармашылығына шолу жасау.
- Оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгерту, теориялық негіздерін игерту.
- Есте сақтау қабілетін және оқу дағдысын қалыптастыра отырып, ой-өрісті дамыту; жүйелі, шешен сөйлеуге баулу.
- Туған жерді қадірлеу, халыққа қызмет ету, ел бірлігі мен ұрпақ келешегі, рухани тазалық туралы ойларын жүйелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын ұлы Абайдың шығармашылығы және нақыл сөздерімен толықтырады.
Тірек ой
«Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» (Нұрсұлтан Назарбаев)
Сабақтың түрі мен әдіс-тәсілдері
Типі
Жаңа сабақты игеру
Түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Орыс әдебиеті, ән-әуез
Әдістер
Сабақтың құрылымы
I. Шақыру және ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, назарын бүгінгі сабаққа шоғырландыру. Тиімді жұмыс жасауға жағдай жасап, жылы әрі мейірімді атмосфера қалыптастыру.
Флеш-тренинг: «Сәлемдесу»
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын сыныптасымен жұптасады. Мұғалімнің жүргізуімен әр елдің амандасу үлгілерін орындайды:
- Үнді елі: қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдесу.
- Тайвань: бір-бірінің мұрнын уқалап амандасу.
- Қазақтар: төс қағысып амандасу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Диалогтік оқыту элементтері арқылы үй тапсырмасын пысықтау. «Кім жылдам?» ойыны барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды.
Жедел сұрақтар (Махамбет Өтемісұлы)
- Өмір сүрген жылдары
- 1804–1846
- Туған жері
- Орал облысы, Нарындағы Бекетай мекені
- Жетік білген тілдері
- Араб және орыс тілдері
- Қай ханның тұсында өмір сүрді
- Жәңгір хан
- Жан досы, ақылшысы
- Исатай Тайманов
- Өлеңдері
- «Тарланым», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар»
- Исатай бастаған көтеріліс
- Шаруалар көтерілісі
III. Негізгі бөлім: Абай әлеміне кіріспе
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адалдықты көздесең, жаттап оқы көңілге!» — Сұлтанмахмұт Торайғыров
Абайдың әр сөзіне терең үңілу — тек әдебиет әлемінде жүргендердің ғана емес, нұр мен сырды тани білетін, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Бүгін біз өткен шығармаларды еске түсіріп қана қоймай, көрген-білгенімізді ойға түйіп, сабақты ізденіске құрылған жұмыс ретінде жалғастырамыз.
«Абайды біз кім деп танимыз?» — топтастыру стратегиясы
Әр топ Абай тұлғасын түрлі қырынан ашып, ұғымдарды топтастырады. Мысалы:
Көрнекілік және шолу
Интерактивті тақтадан Абайға арналған слайдтарды тамашалап, өлеңдеріне қысқаша шолу жасалады. Абай өлеңдері шабыттан туған сезім арқылы адам жанын тебірентіп, ойды оятады.
Жазылым тапсырмасы: эссе
Тақырып
«Мен Абайды қаншалықты білдім?»
Жұмыс форматы
Топ ішінде ең мазмұнды жұмыс таңдалып, сынып назарына ұсынылады.
Сергіту сәті
«Желсіз түнде — жарық ай» әнін мәнерлеп айтып, әуенге салып орындау.
IV. Бағалау және қорытынды
Топ көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне қысқаша талдау жасайды. Кері байланыс ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі қолданылады: стикерге екі ұнаған тұсын және бір ұсынысын жазып қалдырады.
Мадақтау
Нәтижелі жұмыс үшін «Үш шапалақ».