Сенім деген сөзді қалай түсінесің

Потанин жалпы орта білім беретін мектеп

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі, мектеп психологі: Мустафина Гульмира Куанышевна

Өзін-өзі тану • 5-сынып

Сабақ тақырыбы: Сенім – менің серігім

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

  • Сенім ұғымының мәнін ашу.
  • Замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту.
  • Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Шаттық шеңбері

Ынтымақтастық

Қайырлы күн, балалар! Бүгін далада қыстың жылы күні. Ендеше, бір-бірімізбен амандасып көрейік.

Мен белгі бергенде, қалай амандасу керегін айтамын. Сендер әр адаммен әртүрлі тәсілмен тез-тез амандасасыңдар:

Амандасу түрлері

  • Көзбен
  • Қолмен
  • Иықпен
  • Құлақпен
  • Тіземен
  • Иекпен
  • Өкшемен
  • Арқамен

Негізгі бөлім

Жаңа ақпарат

Балалар, мен сендерге өлең оқимын. Өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар. Ә. Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сенім – менің серігім».

Музыкалық серпіліс және сұрақтар

Жеңіл әуенді көңілді ән қосылады (Мадина Садвакасова — «Сенім»). Оқушылар өздерінің ең сенімді досын биге шақырады.

Тәсіл: «Сенім» деген сөз жазылған шарды балаларға беру арқылы сұрақтарға жауап алу.

  • «Сенім» деген сөзді қалай түсінесің?
  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
  • Қандай адам сенімге ие болады?
  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

Сұрақтардан кейін оқушылар өз орындарына отырады.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың айтқан ойларын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.

Талқылау сұрағы

Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?

Кеңейту сұрағы

Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Сенім тек жақын адамдар арасында ғана емес, қоғамдық деңгейде де, тіпті әлемдік шеңберде де көрініс табады. Адамның өз-өзіне және өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады.

Өзіне сену — адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі. Ал айналадағы адамдардың сенім білдіруі жауапкершілікті күшейтіп, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Негізгі ой

  • Сенімді болу — жауапкершілік алып, істі аяғына дейін жеткізу.
  • Сөзіне берік болу — уәдені ескертусіз орындау.
  • Сенімді адам — уақытында орындайтын, жанында болғанда еркіндік сезімін сыйлайтын адам.

Егер өмірде өзіңе сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі сынақтардан қашқақтай берсең, қиындықтар қайталана береді. Сондықтан жеңіл жол іздемей, күресе біл.

Сахналау

Оқушылардың ойларын анықтау және жан сұлулығының маңызын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген «Кімге сенім артуға болады?» диалогын сахналау ұсынылады.

Талқылау

Сенімге ие болу үшін не істеу керек?

Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.

С

сенімді, сыпайы, …

Е

ерен, ерекше, …

Н

намысшыл, нәзік, нағыз ер, …

І

ілтипатты, …

М

мәдениетті, момын, …

Дәйексөз

Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу — әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М. Жұмабаев

Дәптермен жұмыс

47-бет, 3-тапсырма

Саған өзгелер сенім артып, сенім білдірген кездер болды ма?

Сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, ойыңмен бөліс.

Жүректен жүрекке

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды. Өз өмірінің бүгінгі күнін жарқын, шырайлы етіп өткізу — әр адамның өз қолында. Әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізуге болатындығы оқулықта ұсынылған М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінде айқын көрінеді.

Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара байланысын ашып, олардың адам өміріндегі мәнін талқылау ұсынылады.

Үй тапсырмасы

  • «Сенім» өлеңін жаттау.
  • Мәтінді оқу.