Қайырлы күн, балалар

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырып

Ә дыбысы мен әрпі. «Табиғатқа саяхат»

Пән / Сынып

Сауат ашу, 1-сынып

Сабақтың мақсаттары

Барлығы

«Табиғатқа саяхат» тақырыбы аясында Ә дыбысы мен әрпі туралы жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады.
  • Сөздің буыннан құралатынын түсінеді.
  • Сөздегі буын санын анықтайды.
  • Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай көркем етіп жазады.

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өнер, тіл сабағы.

АКТ қолдану

Аудиожазба, таныстырылым, бейнероликтер көрсету.

Тілдік құзыреттілік (сөздік)

Қаңтар

январь

қыс

зима

табиғат

природа

шана

сани

Сабақтың басы: ынтымақтастық атмосферасы (5 минут)

1) Амандасу және көңіл күй

Мұғалім оқушылармен жылы амандасып, көңіл күйін сұрайды. Кейін сынып қонақтармен сәлемдеседі.

Сәлемдесу өлеңі

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!

2) «Алақан әдісі» арқылы жылы лебіз

Оқушылар бір-біріне қолдау сөздерін айтып, жағымды қарым-қатынас орнатады.

3) Табиғатқа назар аударту

Мұғалім: «Күнде таңертең оянған кезде Табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Мектепке келе жатқанда немесе үйге қайтқанда табиғаттың әсем көріністерін тамашалайсыңдар. Бүгін табиғат бізді несімен қуантады?»

Күтілетін жауап: аппақ қарымен.

Сұрақ

Қазір қай мезгіл?

Жауап: қыс.

Сұрақ

Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Айнала аппақ қар, терезеге аяз өрнек салады, балалар қармен ойнайды, мұзда шанамен сырғанайды.

Сұрақ

Қыс айлары қандай?

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Мұғалім қысқаша қорытындылайды: «Біз табиғат туралы бекер айтып жатқан жоқпыз. Бүгінгі тарауымыздың атауы да — “Табиғатқа саяхат”

4) Сюрприз сәті және жұмбақтар

Мұғалім: «Есік алдына жәшік қойылыпты. Балалар, бізге Табиғат Анадан сыйлық келіпті. Ашып көрейік пе?» Жәшіктің ішінен жұмбақтар шығады.

Жұмбақ 1

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.

Жауабы

Шаңғы

Жұмбақ 2

Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге.

Жауабы

Шана

Жұмбақ 3

Табанға тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым.

Жауабы

Коньки

5) Топқа бөлу

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ атаулары жұмбақтардың жауаптарына сәйкес беріледі:

1-топ

Коньки

2-топ

Шаңғы

3-топ

Шана

Мұғалім қысқаша сұрақ қояды: «Бұл заттарды біз қай кезде қолданамыз?» Оқушылар қыс мезгіліндегі ойындар мен іс-әрекеттерді атап шығады.

6) Қонақтарды сабаққа тарту

Мұғалім қонақтарды сабаққа бірге қатысуға шақырады: «Әр топтың жанына келіп отырсаңыздар, қуаныштымыз».

Мұғалім туралы белгі

Бастауыш сынып мұғалімі: М. Е. Қанатова