Квадрат теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Квадрат теңдеулерді шешу жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгерту.
2) Дамытушылық
Өз бетінше ойлау қабілетін арттыру; әр оқушының білім деңгейін ескере отырып, тақырыпты қайталау.
3) Тәрбиелік
Математиканың нақтылығын көрсету, пәнге қызығушылықты арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; жүйелі жұмыс істеуге және өз ойын нақты жеткізуге үйрету.
4) Практикалық
Алған білімді өмірлік практикада қолдана білуге машықтандыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс тәртібін нақтылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Өтілген материалды сұрақтар арқылы еске түсіру және негізгі формулаларды жүйелеу.
Қайталау сұрақтары
- Квадрат теңдеудің түбірлерін табу формуласын жазыңдар.
- Толымсыз квадрат теңдеулердің түбірлерінің формулалары қандай?
- Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жазыңдар.
- Виет теоремасын жазыңдар.
- Түбірі 1-ден аспайтын квадрат теңдеуге мысал келтіріңдер.
- Қандай жағдайда квадрат теңдеудің түбірлері болмайды? Мағынасын түсіндіріңдер.
- Түбірі болмайтын толымсыз квадрат теңдеуге мысал келтіріңдер.
- Коэффициенттерінің қосындысы 1-ге тең болғанда квадрат теңдеудің түбірлерін табу формуласы қандай?
- Квадрат теңдеуде a + c = b болғанда түбірлердің формулалары қандай?
- Квадрат теңдеуді графиктік тәсілмен шешуге мысал келтіріңдер.
Тақтадағы жұмыс (4 оқушы)
Оқушылар теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шығарып, нәтижесін Виет теоремасымен тексереді.
- а) 3x² − 5x − 2 = 0
- ә) x² − 9x + 14 = 0
- б) 7x² + 2x − 9 = 0
- в) 4x² + 7x + 3 = 0
3) Жаттығу есептерін шығару (үлестірме қағаздар)
1-деңгей
а) Формула көмегімен шешіңдер
- 2x² + 5x − 12 = 0
- 1.2x² − 0.3 = 0
- 2.3x² = 0
ә) Теңдеу құрастырыңдар
Түбірлері x₁ = 0.9 және x₂ = −11 болатын ax² + bx + c = 0 түріндегі теңдеуді жазыңдар.
2-деңгей
а) Түрлендіріп, түбірін табыңдар
(4x + 3)(5 − x) − x² = 8x + 19
ә) Виет теоремасымен шешіңдер
- −x² − 7x + 8 = 0
- 9x² − 24x + 16 = 0
3-деңгей
а) Шықпай-ақ түбір таңбасын анықтаңдар
- x² + 9x − 22 = 0
- 2x² + 5x = −2
ә) Коэффициенттер қосындысы 0 болғанда
Формула көмегімен шешіңдер: x² + 4x − 5 = 0
б) Параметрлі тапсырма
x₁² + x₂² = 13, мұндағы x₁ және x₂ сандары x² + ax + 6 = 0 теңдеуінің түбірлері. a-ның мәнін табыңдар.
4) Кітаппен жұмыс
5) Сабақты қорытындылау
Негізгі формулаларды қайталау, шешу әдістерін салыстыру және жіберілген қателер бойынша қысқаша кері байланыс беру.
6) Үй тапсырмасы
Автор туралы
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Шаховское орта мектебі. Математика пәні мұғалімі — Касенова Мәриям Нұржанқызы.