Сөздерге дыбысын қосып айт
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Дауыссыз к мен г туралы түсінік беру, алған білімін кеңейту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
Дамытушылық
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Істі саналы орындауға, өз пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақтағы тапсырмалар сұрақ-жауап арқылы тексеріледі, қателер талданып, түзетіледі.
III. Жаңа сабақ
а) Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
Ереже: Г әрпі сөз соңында жазылмайды. Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады.
IV. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.
К әрпі бар сөздер
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Г әрпі бар сөздер
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
V. Сөздік жұмыс
Анықтамалар
- Кебек
- Бидайдың қауызынан кейінгі қабығы.
- Бүрге
- Шағатын ұсақ жәндік.
- Гүлдесте
- Гүлдерден өріліп жасалған, басқа тағатын әшекей.
- Жігер
- Күш, қуат.
- Серік
- Досы, жолдасы.
- Үзеңгі
- Атқа міну үшін аяқ салатын ер-тұрман әбзелінің бөлігі.
- Берік
- Мықты, күшті.
Талқылау және түрлендіру
К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше?
К және г қандай дыбыстар?
Мысалдар: кебек → кебегі серік → серігі жібек → жібегі берік → берігі
Ескерту: Мұнда сөз соңындағы к дыбысы дауысты дыбыс қосылғанда г-ге ауысады.
VI. Топшамен жұмыс
Тапсырма: сөздердің бастапқы түрін жаз
- Көйлегі— ________
- Көмегі— ________
- Бәйтерегі— ________
- Бесігі— ________
- Бөбегі— ________
- Көлшігі— ________
- Кірпігі— ________
- Көбелегі— ________
2-жаттығу
Санамақты жатқа оқы.
Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Тапсырма: К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз. Саусақтардың атын жаттап ал. Оларды тағы қалай атайды?
Үйрек — үйре…
Терек — тере…
Шүмек — шүме…
Бөбек — бөбе…
VII. Топшамен жұмыс (қате әріпті сыз)
Тапсырмада сөздердің соңындағы дыбыс өзгерісін ескеріп, дұрыс әріпті қалдырыңдар.
- Шәйне…і
- Тие…і
- Кө…і
- Биі…і
- Үрке…і
- Күре…і
- Кезе…і
- Еті…і
- Биі…і
3-жаттығу
Суреттегі заттардың атын жаз. Сөздерге тиісті дыбысты қосып айт. Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналғанын анықта.
Елік — елігі
Күрек — күрегі
Бөрік — бөрігі
Бесік — бесігі
Терек — терегі
Киік — киігі
VIII. Топшамен жұмыс (дыбыстық талдау)
Мысал: Бөрік
Буын құрамы
- 2 буын
- 1-буын — ашық
- 2-буын — бітеу
Дыбыстар
- Б — дауыссыз, ұяң
- ө — дауысты, жіңішке
- р — дауыссыз, үнді
- і — дауысты, жіңішке
- к — дауыссыз, қатаң
5 әріп, 5 дыбыс.
4-жаттығу
Сөздердің соңына у әрпін қосып жаз. Сөздерді үлгі бойынша түрлендіріп оқы.
Үлгі
- Төк — төгу, төгілді, төгеді.
- Ек — егу, егілді, егеді.
- Тік — тігу, тігілді, тігеді.
- Сөк — сөгу, сөгілді, сөгеді.
IX. «Тор көзді толтыр» ойыны
Сұрақтар
- Түстің түрі?
- Дала жануары?
- Үй құсы?
- Шайды неде қайнатамыз?
- Тірі табиғатқа не жатады?
Жауаптар
X. Қорытынды
«Кім шапшаң?» ойыны
Мақсаты: жылдамдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу, өткен материалды ойын арқылы бекіту.
Ойын шарты: мұғалім кез келген оқушыға, мысалы, «көк» деп доп лақтырады. Допты ұстаған оқушы шапшаң түрде «көгі» деп жауап беріп, допты мұғалімге қайтарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Сабақ соңында үй тапсырмасы беріледі, оқушылар бағаланады, сабақ аяқталады.