Құрылысының ерекшеліктері
7-сынып биология оқу бағдарламасы
Бұл оқу бағдарламасы 7-сыныпқа арналған. Жалпы көлемі — 68 сағат, аптасына 2 сағат.
Сынып
7
Жалпы сағат
68
Аптасына
2 сағат
Кіріспе (1 сағат)
1. Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым
- Жануарлардың көптүрлілігі және таралуы
- Жабайы және үй жануарлары
- Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі
- Жануарлар дүниесін қорғау
I бөлім. Жануарларды жіктеу (2 сағат)
2. Негізгі жүйелік топтар және жіктеудің маңызы
Жүйелеудің негізгі сатылары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, Түр, Популяция.
3. Зоология ғылымының дамуы
- Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы
- Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы
II бөлім. Қарапайымдар (біржасушалы жәндіктер/жануарлар) (4 сағат)
Қарапайымдардың табиғаттағы алуантүрлілігі: олардың су қоймаларында, топырақта, сондай-ақ адам мен өсімдік организмдерінде кездесетін өкілдері.
I тарау. Тамыраяқтылар (Саркодалылар) (1 сағат)
4. Кәдімгі амеба: сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалылардың тіршілік әрекеттері: қозғалу, қоректену, тыныс алу, зәр шығару, осмореттелу, көбею, циста түзу.
II тарау. Талшықтылар (1 сағат)
5. Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілерді бірдей біріктіретін қарапайым организм. Колониялы талшықтылар.
III тарау. Инфузориялар (2 сағат)
6. Кірпікшелі кебісше: күрделі құрылысы, жыныстық процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малмен селбесіп тіршілік ететін инфузориялар.
№ 1 зертханалық жұмыс
Ашық су қоймасынан немесе аквариумнан алынған су тамшысындағы қарапайым организмдерді микроскоппен қарау.
7. Ауру қоздырғыш қарапайымдар және олардың маңызы
- Дизентериялық амеба, безгек паразиті
- Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу
- Безгек таралған аймақтар және онымен күресу
- Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
III бөлім. Көпжасушалы жануарлар (4 сағат)
IV тарау. Ішекқуыстылар типі (3 сағат)
- 8. Ішекқуыстыларға жалпы сипаттама. Тұщы су гидрасы: сыртқы көрінісі, мінез-құлқы, қоректенуі, тыныс алуы, тітіркенгіштігі.
- 9. Гидраның ішкі құрылысы: қосқабаттылық, эктодерма және энтодерма, жасушалардың әртүрлілігі.
- 10. Гидраның көбеюі, регенерациясы, табиғаттағы маңызы.
V тарау. Теңіз ішекқуыстылары (1 сағат)
- 11. Көптүрлілігі және маңызы
- Маржан полиптері және медузалар
- Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
IV бөлім. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар (9 сағат)
Құрттарға жалпы сипаттама: алуантүрлілігі, негізгі типтері, еркін тіршілік ететін және паразиттік топтары, тіршілік орталары.
VI тарау. Жалпақ құрттар (3 сағат)
- 12. Ақ сұлама: сыртқы құрылысы, екіжақты симметрия, дене жамылғысы, бұлшық еттері, жүйке жүйесі мен сезім мүшелері, қозғалу, қоректену, тыныс алу, көбею.
- 13. Сиыр цепені: құрылыс ерекшелігі, паразиттік тіршілікке бейімділігі, даму циклы, иелерін алмастыру.
- 14. Сорғыш құрттар: даму циклы және иелерін алмастыру.
VII тарау. Жұмыр құрттар (3 сағат)
- 15. Жалпы сипаттама. Ішексорғы және үшкір құрт: құрылысы, тіршілік әрекеттері, адам мен жануарлар үшін маңызы.
- Паразитизм ұғымы және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы.
- 16. Паразиттік құрттарды жұқтырудың алдын алу шаралары.
- 17. Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
VIII тарау. Буылтық құрттар (3 сағат)
- 18. Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң: тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, ұлпа мен мүше ұғымдары, қозғалу.
№ 2 зертханалық жұмыс
- Шұбалшаңның қозғалуын және тітіркендіргіштерге жауап реакциясын бақылау
- Сыртқы құрылысын зерттеу
- Даяр ылғал препараттан ішкі құрылысын қарау
- 19. Асқорытуы, қанайналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы.
- 20. Биогеоценоздағы орны және табиғаттағы маңызы; жануарлар дүниесінің даму тарихындағы рөлі.
V бөлім. Ұлулар типі (3 сағат)
IX тарау. Бауыраяқты ұлулар класы (1 сағат)
- 21. Типке жалпы сипаттама. Алуантүрлілігі.
- Үлкен тоспаұлуы және жалаңаш шырыш: тіршілік ортасы, құрылысы, қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және дамуы.
- Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.
№ 3 зертханалық жұмыс
- Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеу және салыстыру
- Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) қозғалуын және сыртқы тітіркендіргішке реакциясын бақылау
- Бақалшақ пішінін, сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын зерттеу
- Тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын салыстыру
X тарау. Қосжақтаулылар класы (1 сағат)
- 22. Айқұлақ (інжуір) және мидиялар: тіршілік орталары.
- Құрылысының ерекшеліктері, қозғалу, қоректену, тыныс алу, көбею.
- Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.
XI тарау. Басаяқты ұлулар класы (1 сағат)
- 23. Сегізаяқтар, кальмар, каракатица: құрылыс ерекшеліктері.
- Қозғалу, қоректену, мінез-құлық.
- Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.
VI бөлім. Буынаяқтылар типі (14 сағат)
XII тарау. Шаянтәрізділер класы (4 сағат)
- 24. Типке жалпы сипаттама. Буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы.
- 25. Өзен шаяны: тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
- 26. Құрылысы, қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі.
- 27. Басқа шаянтәрізділер. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
XIII тарау. Өрмекшітәрізділер класы (4 сағат)
- 28. Жалпы сипаттама және көптүрлілік. Крест өрмекшісі (немесе басқа өрмекші): сыртқы құрылысы, тіршілік ортасы, мінез-құлқы.
- 29. Өрмектің құрылысы және рөлі. Биогеоценоздағы маңызы.
- 30. Кенелер: паразиттік тіршілік ету дағдысы, ерекшеліктері, ауру қоздырғыштарын тасымалдауы. Кенелік энцефалит.
- 31. Кенелерден қорғану шаралары. Табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
XIV тарау. Бунақденелілер класы (6 сағат)
- 32. Жалпы сипаттама. Көптүрлілік. Құрылысы, қозғалу, қоректену, тыныс алу. Бунақденелілерді қолға үйрету (тұт және емен жібек көбелектері).
№ 4 зертханалық жұмыс
- Бөлме шыбынының сыртқы құрылысын зерттеу
- Жеміс шыбыны (дрозофила) дернәсілі мен ересек дарағын қарау
- 33. Көбеюі және дамуы. Даму типтері.
- 34. Шала түрленіп дамитын отрядтар: турақанаттылар, теңқанаттылар, қандалалар. Толық түрленіп дамитын отрядтар: қабыршаққанаттылар, инеліктер, қатқылқанаттылар (қоңыздар), қосқанаттылар, жарғаққанаттылар.
- 35. Орман және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Ауру тасымалдаушылар және олармен күрес.
№ 5 зертханалық жұмыс
- Бау-бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеу
- Зиянды бунақденелілерді танып-білу
- 36. Аралар мен құмырсқалар — қоғамдық бунақденелілер: «отбасы» құру, мінез-құлық, түйсік (инстинкт). Маңызы.
- 37. Шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік түрлер. Биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкестермен күрестің биологиялық әдістері. Бунақденелілерді қорғау.
VII бөлім. Желілілер типі (28 сағат)
Бассүйексіздер тип тармағы (1 сағат)
- 38. Желілілерге қысқаша сипаттама. Қандауырша — бассүйексіздердің өкілі: тіршілік ортасы, құрылысы, табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.
XV тарау. Балықтар (надкласс) (5 сағат)
- 39. Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар. Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы, сезім мүшелері. Торсылдақ және оның маңызы.
№ 6 зертханалық жұмыс
- Тірі балықтарды бақылау, сыртқы құрылысын зерттеу
- Қабыршақтары бойынша жасын анықтау
- Қаңқасын және ішкі құрылысын зерттеу
- 40. Көбеюі және дамуы. Мінез-құлық ерекшеліктері. Миграция. Өсімталдық және ұрпаққа қамқорлық. Түйсік, популяция ұғымы.
- 41. Шеміршекті балықтар: акулалар, скаттар. Бекіре балықтары және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты және саусаққанатты балықтар: құрлықтық омыртқалылардың шығу тегіндегі маңызы.
- 42. Кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқылар (карптар) және т.б. Балық қорын ұтымды пайдалану, қорғау және көбейту.
- 43. Балық өсіру зауыттары, тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы (карп). Жерсіндірудің биологиялық және шаруашылықтық негіздері. Аквариумдық балық шаруашылығы.
XVI тарау. Қосмекенділер класы (3 сағат)
- 44. Жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Қосмекенді тіршілік, жылдық цикл, қоректену, көбею және даму. Түрөзгеріс, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы.
№ 7 зертханалық жұмыс
- Тірі бақаларды бақылау
- Сыртқы құрылысын және қаңқасын зерттеу
- Даяр ылғал препараттан ішкі құрылысын қарау
- 45. Көптүрлілігі: құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Маңызы және қорғау.
- 46. Жойылып кеткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан шығу тегі.
XVII тарау. Жорғалаушылар класы (4 сағат)
- 47. Жалпы сипаттама. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Құрлық-ауа ортасына бейімделуі, жылдық цикл. Қоректенуі, мінез-құлқы, көбеюі және дамуы.
№ 8 зертханалық жұмыс
- Тірі кесірткені (улы емес жыланды және тасбақаны) бақылау
- Сыртқы құрылысын зерттеу
- Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру
Топсеруен
Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына бару: туған өлке жануарларының әртүрлілігімен танысу.
- 48. Жыландар (сарыбас жылан, сұр жылан): кесірткелермен ұқсастығы мен айырмашылығы. Улы аппарат, удың әсері. Шағудан қорғану және алғашқы көмек. Маңызы.
- 49. Басқа отрядтар: тасбақалар, қолтырауындар. Маңызы және қорғау.
- 50. Ертедегі жорғалаушылар: алуантүрлілігі, жойылу себептері, ертедегі қосмекенділерден шығу тегі.
XVIII тарау. Құстар класы (6 сағат)
- 51. Жалпы сипаттама. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері. Ұшуға бейімділік. Зат алмасудың қарқындылығы. Жылықандылық.
№ 9 зертханалық жұмыс
- Құстардың сыртқы құрылысы
- Қауырсын жамылғысы және қауырсын типтері
- Қаңқа құрылысы және (даяр препараттан) ішкі құрылыс
- 52. Көбеюі және дамуы. Ұрпаққа қамқорлық. Жылдық цикл және маусымдық құбылыстар. Құстардың қайтуы.
№ 10 зертханалық жұмыс
Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу.
- 53. Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс.
- 54. Құстардың көптүрлілігі: түйеқұстар (қыртөссіз), пингвиндер, қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы, бейімделуі, экологиялық топтары.
Топсеруен
Орман құстарымен танысу (саябақта, шағынбақта немесе мектеп бағында). Тірі құстарға бақылау жүргізу.
- 55. Бунақденелілермен және жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың, сондай-ақ жыртқыш құстардың пайдасы. Қорғау және қолға үйрету. Биогеоценоздағы және адам өміріндегі маңызы. Кәсіптік құстар: тиімді пайдалану және қорғау.
- 56. Үй құстары: шығу тегі, маңызды қолтұқымдары және адамның пайдалануы.
XIX тарау. Сүтқоректілер класы (Аңдар) (9 сағат)
- 57. Жалпы сипаттама. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда: дене жамылғысы, асқорыту, тыныс алу, қанайналым, зәр шығару, жүйке жүйелері, сезім мүшелері және мінез-құлықтың күрделенуі.
№ 11 зертханалық жұмыс
- Тірі аңдарды бақылау, сыртқы құрылысын сипаттау
- Сүтқоректілер қаңқасының құрылысын зерттеу
- Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарау
Ескерту: құрал-жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда зертханалық жұмыстар көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастырылады.
- 58. Көбеюі және дамуы. Ұрпаққа қамқорлық. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстар.
- 59. Ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
- 60. Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер: биологиялық ерекшеліктері, таралу аймақтары және алуантүрлілігі.
- 61. Ұрықжолдастылардың маңызды отрядтары: бунақденеқоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер, қоянтәрізділер.
- 62. Жыртқыштар (ит, мысық, аю, сусар тұқымдастары), ескекаяқтылар, киттәрізділер, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, тұмсықтылар, приматтар.
- 63. Негізгі экологиялық топтар: орман, ашық кеңістік (дала), су қоймалары мен жағалаулар, топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер.
- 64. Қолға үйретілген аңдар: қолтұқымдардың әртүрлілігі, шығу тегі, адамның пайдалануы.
- 65. Маңызы: табиғи және антропогендік ландшафттарда сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіпшілік және кәсіптік аңдар. Жерсіндіру және қайта көшіру. Тиімді пайдалану және қорғау.
Топсеруен
Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына бару: үй және жабайы жануарлармен танысу.
VIII бөлім. Жерде жануарлар дүниесінің дамуы (1 сағат)
66. Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы
- Тарихи дамудың дәлелдемелері
- Эволюция туралы түсінік
- Жануарлар алуантүрлілігінің тірі табиғат эволюциясының нәтижесі екені
IX бөлім. Табиғи бірлестіктер (1 сағат)
67. Экожүйелер және трофикалық байланыстар
- Табиғи және мәдени организмдер
- Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі
- Биогеоценоздар және экожүйелер туралы түсінік
- Трофикалық байланыстар және қоректік тізбектер
Топсеруен 4
Табиғи бірлестіктердегі көктемгі тіршілік құбылыстарын бақылау.
Топсеруен 5
Сулы ортаның табиғи бірлестіктеріндегі көктемгі құбылыстарды бақылау.
Қорытынды (1 сағат)
68. Көптүрлілік, құрылым деңгейлері және қорғау
- Жануарлар дүниесі — организмдер, популяциялар, түрлер және бірлестіктер көптүрлілігінің көрінісі
- Тірі табиғаттың құрылым деңгейлері
- Жануарларды қорғау және көптүрлілікті сақтауда адам мен қоғамның рөлі
Оқу барысында күтілетін нәтижелер
Жүйелеу және салыстыру
Жануарларды негізгі жүйелік топтар бойынша ажырату, типтер мен кластардың белгілерін салыстыру.
Бақылау және зертханалық дағды
Микроскоппен жұмыс істеу, тірі нысандарды бақылау және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
Экологиялық ойлау
Биогеоценоз, экожүйе, трофикалық байланыстарды түсіну және жануарларды қорғаудың маңызын бағалау.