Әріп тастау

Сабақ жоспары

Е дыбысы мен әрпі

Бұл жоспар бастауыш сыныпта «Е» дыбысы мен әрпін меңгертуді, дыбыстық талдау арқылы тілдік дағдыларды дамытуды және оқушыларды ұйымшылдыққа баулуды көздейді.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ойын, сұрақ-жауап

Технология

Сатылай кешенді талдау

Сабақтың мақсаты

  • «Е» дыбысы мен әрпін таныту; жазба және баспа түрлерін ажырату; көркем жазуға үйрету.
  • Тіл байлығын дамыту; е, а, о, м, ж дыбыстарына дыбыстық мінездеме беру арқылы сөйлеу дағдысын жаттықтыру.
  • Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке және дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Суреттер, кеме макеті, кесте

Сабақ ұраны

Мектеп – кеме, білім – теңіз.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ төмендегі өлең жолдарымен басталады. Оқушылар хормен айтады:

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

II. Кіріспе әңгіме

Мұғалім өткен сабақтағы әріп пен дыбысты еске түсіреді: дыбыстың дауысты екені айтылады.

Неге дауысты? Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады.

Ойын: «Әріп тастау»

Үстелдегі әріптерден сөз құрастырылады: к, м, л, е, н, р, ң, е, а, а.

Құрастырылатын сөздер

  • маса
  • кеме
  • ана
  • аң
  • ара

Назар аударатын сұрақ

Қай сөзде «е» дыбысы екі рет кездеседі?

Жауабы: кеме.

Тақырыптық байланыс: «Кеме» – терең мұхиттар мен теңіздерді кезіп жүретін көлік құралы. Бүгін біз білім теңізіне әдемі кемемен «жолға шығамыз».

«Кеме» сөзіне дыбыстық мінездеме (Неге? ойыны)

К дыбысы

  • Дауыссыз: ауа кедергіге ұшырап, қысылып шығады.
  • Қатаң: тек салдырдан тұрады.
  • Шұғыл: ауа кілт үзіліп шығады.
  • Тіл арты: жасалу орны бойынша.

Е дыбысы

  • Дауысты: ауа кедергісіз, еркін шығады.
  • Тіл алды (жіңішке): тіл ұшы сәл ілгері, үсті сәл төмендейді.
  • Жартылай ашық: жақ жартылай ашылады.
  • Езулік: ерін жиырылып, езу артқа тартылады.

М дыбысы

  • Дауыссыз: ауа кедергіге ұшырап шығады.
  • Ұяң: үн салдырдан басым.
  • Ызың: ауа сүзіліп шығады.
  • Тіс: жасалу орны бойынша.

Осы талдау арқылы оқушылар дыбыстардың жасалу ерекшеліктерін салыстырып, «Е» дыбысының дауысты екенін нақтылайды.

III. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Сұрақ-жауап арқылы түсінгендері тексеріледі.
  • Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.

Тексеру сұрақтары

  • Асқар кімнің інісі?
  • Есен неше жаста?
  • Олар кімді жақсы көреді?
  • Мәтіндегі екі баланы кімдер деп айтуға болады?
  • Отбасы мүшелеріне тағы кімдер жатады?

Қорытынды: отбасы мүшелері — әке, ана, әже, ата және т.б.

IV. Сергіту сәті

«Бөбектер әні» арқылы қимыл-қозғалыс жасалып, оқушылардың зейіні сергітіледі.

Дәптермен жұмыс

26-бет: әріптер мен сөздерді көркем жазу.

«Сөз құра» (ауызша)

Ә- әрпімен

әтеш, әже, әуе, әлем, әсем, әке

Е- әрпімен

лек, елік, етік, еден, емен, есек

«Не істеді?» сұрағы

«Не істеді?» деген сұраққа жауап беретін сөздер қимыл-әрекетті білдіреді. Ал заттың атын білдіретін сөздерге «Кім? Не?» сұрақтары қойылады.

Сурет бойынша сөйлем құрау

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырады: Әсел, кір, жуды, еден, көмектеседі, анасына, келді.

Қозғалысты ойындар: «Қамшы» және «Орамал тастау»

Екі ойын қатар ойналады: қыздар — «Орамал тастау», ұлдар — «Қамшы». Ойын барысында «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздер алынады.

Ойын шарты

Қамшыны немесе орамалды алған оқушы сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Берілетін сөздер

ата, әже

V. Бекіту

Есте сақтау қабілетін тексеру үшін мәтіннен үш сөйлем беріледі:

  1. Асқардың нағашы әжесі Оралда.
  2. Есеннің нағашы әжесі Оралда.
  3. Асқар мен Есен Алматыда.

VI. Қорытынды

Бүгінгі сабақта «Білім кемесімен» бірге қызықты да, күрделі тапсырмаларды орындадық. Сабақ бойы белсенді қатысып, тапсырмаларды шапшаң орындаған оқушылар атап өтіліп, мадақталады.

Нәтиже: оқушылар «Е» дыбысы мен әрпін танып, дыбыстық талдау жасай алады және оқылым-жазылым дағдыларын бекітеді.