Ортақ жердің байлығы
1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
Бұл мереке Қазақстанды мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстарды ортақ тарих, ортақ құндылық пен ортақ жауапкершілік төңірегіне біріктіретін айрықша күн. Бірлік пен ынтымақ — елдің ең үлкен байлығы, ең берік тұғыры.
Салтанатты жиынның ашылуы
Бірлік пен ынтымағы халықтың — көгімізде жарқыраған жарық күн. Ырыс пен дәулет, бақ пен береке үшін елімізде татулық мәңгі орныға берсін.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім — ел үшін ең басты байлық» тақырыбындағы салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Праздничное приветствие
Добрый день, уважаемые учителя и учащиеся! Завтра весь казахстанский народ отмечает День единства народа Казахстана. Праздник 1 Мая особенно дорог многонациональному народу нашей Республики, объединённому общей историей и традициями. Пусть на нашей земле всегда царят мир и благополучие.
Приходит праздник Май каждый год — с собой он счастье нам несёт. Ему рады и взрослые, и дети на нашей солнечной планете. Кто бы ты ни был — казах или татарин, русский или еврей — этот праздник объединяет всех людей, и дружба наша крепнет и расцветает.
Нөмір:
2 «Б» сыныбы — би
Бір шаңырақ астындағы 130-дан астам ұлт
Бүгінде Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс бейбіт өмір сүріп келеді. Тарихтың әр кезеңінде тағдыр талқысын көріп, зорлық-зомбылық пен әділетсіз саясаттың салдарынан елімізге қоныс аударған көптеген халық үшін қазақ жері киелі құтты мекенге айналды.
Негізгі ой
Тілі бөлек болса да, тілек — бір. Қазақстан — барша ұлысқа ортақ шаңырақ; шаттығымызды шайқалтпай, татулығымызды тіреп тұрған берік негіз.
О единстве
В первый день самого тёплого весеннего месяца отмечается День единства народа Казахстана. В нашей стране бок о бок живут более ста тридцати наций и народностей. Мы — народ Казахстана!
Дружба, объединяющая людей разных национальностей, — залог наших побед. Казахстан — прекрасный цветок единства: его лепестки — народы страны, сплотившиеся навсегда.
В этот весенний праздничный день желаем всем здоровья и благополучия, чтобы каждый год мы встречали Первомай с чувством счастья и спокойствия.
Нөмір:
Литературлық монтаж
Татулық туралы жыр
Нәсілдерге нәсіп болсын нұрлы күн. Ынтымақтың үнін қосып, бір жырын шертсек дейміз. Ұлттардың татулығын жырға қосып, ұлыстардың бірлігін мақтаныш етеміз.
Мы разные, но здесь мы все равны. Мы — дети нашей матери-страны. Мой Казахстан, для всех ты есть Отчизна, и мы горды тобой — тобой сильны!
Нөмір:
«Шырай» — өзбек биі
Достық — өмірдің тынысы
Достық туралы тілек
Как хорошо, что дружба есть на свете — она как воздух нам нужна. Пусть дружба шагает по планете и, словно солнце, светит каждому из нас!
Нөмір:
Артур — «Вместе весело шагать»
Ортақ аспан, ортақ мекен
Ортақ мекен — жер шары, төбемізде — бір аспан. Барлық ұлттың баласы — достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге — бір Отан, ортақ — жердің байлығы. Еңбек те ортақ, жыр да ортақ — ортақ бізге барлығы.
Келесі өнер нөмірі
«Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы» дей отырып, үнді биін тамашалауға шақырамыз.
Нөмір:
6 «Б» сыныбы — би
Құттықтау және ақ тілектер
Құттықтау сөз
Кең байтақ елімізді кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарса, білім ордамыздың береке-бірлігін орнықтырып отырған басшымыз — Қалынов Мұхтар Қажыкенұлы. Мұхтар ағай, көпшілікке жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін ортаға шақырамыз.
Мұхтар ағай — құттықтау сөз!
Қонақжай елге арналған жыр
Қазақ жері — қонақжай төрдің жері, Қазақ елі — елдігін сақтай білген ердің елі. Тарих толқынында қуғын көрген талай жұртқа құтты мекен болған қасиетті өлке.
Зобалаңды көп шеккен халықтардың ұрпағы — өнерлі, қасиетті. Риза көңілмен еліне деген ақ тілегін арнайды.
Нөмір:
5–6 «А» сыныптары — «Атамекен»
Жалпы тілек
Пусть на твоей земле, мой Казахстан прекрасный, смеются дети и цветут сады. И пусть никогда не будет тесно людям разных наций — ведь нас объединяет уважение, еңбекқорлық және ортақ болашаққа сенім.
Қорытынды
1 Мамыр — халықтар достығын дәріптейтін, татулықты күшейтетін, бейбіт өмірдің қадірін терең сезіндіретін мереке. Бірлігіміз берік, ынтымағымыз мәңгі болсын!