Жеңіске жеткен топтарды бағалау
Сабақ туралы
Тақырып
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Сабақтың типі
Кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Көрнекіліктер
- Компьютерлер
- Мультимедиалық проектор
- Парақшалар
- Плакаттар
Стратегиялар
Бағалау
Мұғалімнің бақылауы бойынша.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылар слайд жасақтап, презентация құру және безендіру шаблондарының жаңа мүмкіндіктерімен танысады. Жұмыс істеу принципін түсінеді.
Дамытушылық
Презентация жасауда слайдтармен жүйелі жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, ойлау ұшқырлығын дамытады.
Тәрбиелілік
PowerPoint бағдарламасының қолданылу аясын анықтауды, бағдарламаны іске қосуды және негізгі компоненттерін ажыратуды меңгертіп, оқушыны білімділікке және сауаттылыққа тәрбиелейді.
Сабақтың міндеттері
1) Мазмұнға байланысты
PowerPoint бағдарламасында презентацияны басқару мүмкіндіктерін толық меңгереді.
2) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқушы ойланып, толғанады; зерттеу арқылы жаңа ақпаратты қабылдайды. Салыстыру арқылы теориялық білімін практикалық жұмыста көрсете алады.
3) Топтық жұмысқа бағытталған
Өз ойын айту арқылы бір-бірін оқытады, басқалардың жауабын тыңдайды және қорытынды пікір шығарады.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру
3 минут
Сабақ басталады: бүгін жаңа тақырыпты өтеміз және үй тапсырмасын жарыса отырып қайталаймыз. Жаңа сабақты да практикалық түрде топтық жарыс форматында меңгереміз.
Топқа бөлу
- 1-топ: Слайд тобы
- 2-топ: Дизайн тобы
- 3-топ: Анимация тобы
Әр топ өз басшысын сайлайды.
II. Үй тапсырмасын тексеру — I кезең: «Бәйге»
5 минут
Өткен тақырып сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Қай топ жылдам әрі нақты жауап берсе, сол топ алға шығады.
-
1) «Презентация» ұғымы қандай мағына береді?
Латынша praesento — «тапсырамын», ағылшынша present — «ұсыну».
-
2) Презентация дегеніміз не?
Өзін таныстыру, баяндама жасау, жобаны немесе есепті қорғау, жұмыс жоспарын ұсыну, дайын өнім мен қызметті таныстыру, енгізу нәтижесін бақылау, сынақтарды көрсету және т.б.
-
3) PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Office PowerPoint.
-
4) Қандай бағдарлама көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған?
Microsoft PowerPoint.
-
5) Әртүрлі нысандардан тұратын презентацияның құрамдас бөлігі қалай аталады?
Слайд.
-
6) Терезе элементтерін атаңыз.
- Тақырып жолағы
- Стандартты және пішімдеу құралдар тақталары
- Мәзір жолағы
- Слайдтардың кішірейтілген үлгілері
- Жұмыс аймағы
- Қалып-күй жолағы
III. Қызығушылықты ояту — II кезең: «Білгіш топ»
10 минут
Стратегия: БҮҮ
- PowerPoint туралы не білесіңдер — «Білетінім» бағанына жазыңдар.
- Не білгілерің келеді — «Үйренгім келеді» бағанына жазыңдар.
Топ басшылары жазылған ойларды оқиды. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
IV. Мағынаны тану
10 минут
Стратегия: Өзім үшін жазу
Түсіндіру слайд арқылы жүргізіледі. Негізгі мазмұн қысқаша конспект ретінде жазылады.
1-слайд: Ұсыныстар
- Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау.
- Әр слайд мазмұнды әрі есте қаларлық болуы.
- Ақпараттың ықшам, түсінікті және мәнді берілуі.
- Безендіруде түстерді орынды таңдау.
- Назар аударту үшін анимация, бейне және дыбыс элементтерін қолдану.
2–5-слайдтар: Негізгі ұғымдар
- 2-слайд: MS PowerPoint — көрмелерді әзірлеуге арналған бағдарлама.
- 3-слайд: Дизайн — фонды таңдау.
- 4-слайд: Анимация — анимация таңдау, «Применить ко всем».
- 5-слайд: Переходы (Өтулер) — өтудің түрін таңдау.
6-слайд: Слайд қосу тәсілдері
- Главная → Создать слайд
- Ctrl + M
- Enter
- Тінтуірдің оң жақ батырмасы: Копировать → Вставить
7–9-слайдтар: Қосымша мүмкіндіктер
- Вставка → WordArt
- Анимация → Настройка анимации → Добавить эффект
- Показ слайдов → С начала немесе F5
- Показ слайдов → С текущего слайда
V. III кезең: «Компьютерлер әлемі»
10 минут
Стратегия: Топпен зерттеу
Топ басшылары дайын жұмыстарын қорғайды.
Тақырыптар
- «Ғарышкерлер күні»
- «Атырау — туған өлкем»
- «9 мамыр — Жеңіс күні»
Тапсырма
Берілген тақырып бойынша 3 слайдтан тұратын презентация құрыңдар: дизайн таңдаңдар, анимация қойыңдар, мәтінді әдемі әрі сауатты рәсімдеңдер.
-
1-слайд
Тақырып
-
2-слайд
Сурет, өлең немесе мәтін
-
3-слайд
Негізгі мазмұн
VI. IV кезең: «Кім жылдам?»
5 минут
Стратегия: Бес жолды өлең
Топ басшылары ортаға шақырылады. «Презентация» сөзі беріліп, бес жолды өлең құрастырады.
- Зат есім — 1 сөз
- Сын есім — 2 сөз
- Етістік — 3 сөз
- Сөз тіркесі — 4 сөз
- Синоним — 1 сөз
VII. Бекіту — БҮҮ кестесі
5 минут
Тапсырма
«Үйренгенім» бағанын бүгінгі жаңа сабақ бойынша толықтырыңдар.
Ой толғаныс және қорытынды
Стратегия: Топтастыру
Өтілген материал бойынша негізгі ұғымдарды топтастырып, қорытынды жасалады.
Бағалау
Белсенді қатысқан және тапсырмаларды сапалы орындаған топтар бағаланады. Жеңімпаз топ анықталады.
Үй тапсырмасы
«PowerPoint бағдарламасы» тақырыбында слайд жасап, келесі сабақта қорғау.