Сыныпты төрт топқа бөлу

Ұйымдастыру және ойын барысы

Сыныпты топтарға бөлу

  • Сыныпты төрт топқа бөлу.
  • Қозғалыс кезінде қауіпсіздік сақтау және арақашықтықты реттеу.

Кіріспе сөз

Қымбатты оқушылар, көктем келді — біз де жайлауға көшуге дайынбыз. Жолымызда бірнеше ауылдан өтіп, өз жайлауымызға жету үшін әр өнерлі ауылдың тапсырмаларын орындауымыз керек.

Тапсырмаларды дұрыс әрі тиянақты орындаған топқа жетондар беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Бекеттер: ауылдар бойынша тапсырмалар

1-бекет — Бишілер ауылы

Қимыл-қозғалыс

«Қаражорға» биін билеу.

2-бекет — Жылқышылар ауылы

Ептілік

Ағаш атқа мініп шауып барып, қадақты айналып қайту.

3-бекет — Ұстаздар ауылы

Логика

Әр топқа жеке тапсырма беріледі: қағаздағы суретті кезекпен барып құрастыру.

4-бекет — Аспазшылар ауылы

Топтық ойын

Әр команданың ойыншылары қазанға кезекпен «ас салады».

5-бекет — Бағбандар ауылы

Шеберлік

Жеміс ағашын отырғызу.

6-бекет — Емші, дәрігерлер ауылы

Дәлдік

Груша арқылы су тасымалдау.

7-бекет — Билер ауылы

Білім

Сұрақ-жауап.

Бағалау және қорытынды

Жетондар жүйесі

Әр бекетте тапсырманы сапалы орындаған топқа жетон беріледі. Жетон саны — ұпайдың көрсеткіші.

Жеңімпазды анықтау

Барлық бекеттерден өткен соң, ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.