Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болсын

Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)

Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болсын. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.

Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.

Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның – жанарыңда дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер. Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!

Қуанамын неге бүгін соншалық
Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт
Қиясына ұшқалы отыр тәтеміз
Көңілде бір қимастық бар қайтеміз

Қадамыңыз бүгінгі құтты болсын
Қыдыр дарып отауға бақыт қонсын
Көтерген жездемізбен шаңырақтың
Ішіне қуаныш пен күлкі толсын

Ұлдарды нәсіп етсін ақылды ұдай
Қыздарды нәсіп етсін күн мен айдай
Отаудың берік қылып босағасын
Біздерге болыңыздар жаққан шамдай

Көктемнің күлімдеген күніндейсіз
Дүниенің ең шырайлы гүліндейсіз
Папасы мен мамасының асыл қызы
Әрқашан жездемізбен бір жүргейсіз!

Өмірде ең бақытты жан болыңыз!
Мәнді де даңғыл болсын бұл жолыңыз!
Мәңгілік бір - біріңе ғашық болып
Көңілі туыстардың жүрсін толып!

Қыз ұзату тойына басқа да тілектер

Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына эл. поштаға жолдауға болады: @yandex немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады



Ұқсас жұмыстар

Бала тәрбиесі - бесіктен
Қытайдағы қазақтардың отбасылық әдет-ғұрыптары
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Мәдениет және ұлттық мәдениет
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Беташар мен тойбастар
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі салт- дәстүрлердің алатын орны
Бастауыш сыныпта туыстық қатынасты меңгертудің педагогикалық және психологиялық негізі
Қыз ұзату, үйлену салт дәстүрлері
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары