Жастық шақта
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Жалындаған жастық шақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістер
- Түсіндіру
- Шығармашылық жұмыстар
- СТО технологияларының тәсілдері
Көрнекіліктер
Тақырыпқа сай интернет деректері, суреттер, аудио материалдар.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, әдеп.
Пайдаланылған әдебиет
- «Өзін-өзі тану» пәнінен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал (10-сынып). Алматы: «Бөбек», 2010.
- «Өзін-өзі тану» пәнінен оқулық (10-сынып). Алматы: «Бөбек», 2010.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екенін сезіндіру, мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал ету.
Міндеттері
-
Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңызын ұғындыру.
-
Өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатынын түсіндіру.
-
Өміріне, ойы мен сөзіне, ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Студенттермен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңбері» арқылы жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Шаттық шеңбері (ұсынылатын мәтін)
Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын!
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба, қонақтар,
Амансыз ба, әлем!
Баршаңызға амандық сәлем!
«Жақсы сөз — жарым ырыс»: студенттер бір-біріне бойындағы жағымды қасиеттерді айтып, жылы лебіз білдіреді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Екі сөйлеу — ерге сын»
Тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрастыру.
2) «Сөз ойла — тез ойла»
Берілген сөздердің әріптерін ретімен қойып, мағыналы сөз шығару және сол сөзге байланысты сөйлем құрастыру:
- Қақита
- Робыйа
- Бақтым
III. Қызығушылықты ояту
Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде ойландыратын сұрақтар қойылады:
- Жастық шақ дегеніміз қандай уақыт?
- Бұл кезде әр адамда қандай мақсат болуы керек?
- Жастық шақта неге ұмтылу қажет?
IV. Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс: І. Омаровтың «Жастарға хат» мәтіні және жастық туралы ой-толғам.
Дәйексөз (С. Мұқанов)
«Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі…»
Назар аударыңдар
Бір жылдың ішінде жаз бір-ақ рет келеді. Ағаш, шөп, гүл, жапырақ та бір-ақ рет жайқалады. Сол секілді адамға жастық шақ екі келмейді. Жастық — өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз, қыс келетіні сияқты, жастықтан кейін кәрілік жетеді.
Ісіне жинақы адам жаз күні қыстың азығын әзірлейді. Адам да жасында өнер-білім мен жақсы мінезді бойына жинауы тиіс. Онсыз қартайғанда жайлы тіршілік ету қиын. М. Дулатов
Сергіту сәті
«Жан-жануарлар әлемінде» тақырыбындағы қысқа сергіту жаттығулары.
Жастық шақ туралы мақал-мәтелдер
-
Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
-
Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.
-
Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.
-
Жігітінде жігіт болмаған, өмір есесінен құр қалған.
-
Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.
Нақыл сөздер
Мақтымқұлы
«Зердесінде бары болса жігіттің,
Қалмас жатып, сыртқа шығар ол екпін.»
І. Жансүгіров
«Жас мұраты — білім, тәлім, талабым…
Өнер, оқу — жастың қару-жарағы.»
Ж. Руссо
«Жастық шақ — даналықты меңгеруге арналған уақыт…»
Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер студенттерге оқытылып, мәні талқыланады. Қосымша әңгіме: «Егіннің бастары».
V. Ой толғау (шығармашылық жұмыс)
Тапсырма
«Жалындаған жастық шақ» тақырыбында өлең құрастыру немесе сурет салу.
«Бес жол өлең» әдісі
Тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін анықтауға көмектеседі: оқушылар ақпаратты түйіндеп, ойларын аз сөзбен, бірақ нақты жеткізуге дағдыланады.
Топтастыру
«Жастық шақта…» тақырыбы бойынша ойларды жүйелеу.
«Бір айналым сөйлесу»
Оқушылар өтілген тақырып бойынша өз ойын бір сөйлеммен білдіреді.
VI. Қорытынды
Дәйексөз (Н. Хикмет)
«Жастық арман. Бұл — сенім. Бұл — ерлікке құштарлық.
Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл — болашақ жөніндегі үлкен жоспарлар.»
«Жүректен жүрекке» бөлімі
Ән: «Шақырады көктем»
Сөзі
Т. Молдағалиев
Әні
Ә. Бейсеуов
Мазмұны
Жастықтың көктемдей жаңғыруын, арман мен сенімді дәріптейді.
Мәтін
Елестеттің көктемді гүл ашқан,
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.
Алыстарға жетеле, еремін,
Сені ғана бақыт деп сенемін, еркем.
Қайырмасы:
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер, арманым, аялай бер.
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көкорай бел…
Қолыңды бер, жатсынба, арманым,
Сәуледей боп аяла таңдағы.
Шақырады жас көктем гүлімен,
Шақырады жасыл бақ жырымен.
VII. Үй тапсырмасы
1) Дәйексөз құрастыру
Жастық шаққа байланысты өз дәйексөздеріңізді ойлап келіңіз.
2) Эссе
«Жастық жігерім — жақсылыққа» тақырыбында эссе жазу.