Мамандық сөзін тәуелде

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мамандықтар.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін қорытындылау; тақырыпқа байланысты тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру және бағалау.

2) Дамытушылық

Қисынды ойлау дағдыларын дамыту, тапсырмаларды орындай білу қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылықты арттыру.

3) Тәрбиелік

Барлық мамандық иелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу; әр мамандықтың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Көрнекілігі

Карточкалар, суреттер.

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Мамандық туралы өлеңді жатқа айту
  • Мамандық иелері бейнеленген сурет салып келу

III. Нәтиже сабақ (мұғалімнің кіріспе сөзі)

Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты — «Мамандықтар» модулі бойынша алған білімдерімізді қорытындылап, нәтижелеу. Бүгін мен хабаршы (репортер) болып, мамандықтар туралы хабар жүргіземін. Біздің эфирімізге бар болғаны 45 минут уақыт берілген.

Өмірде мамандық түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін көп оқып, еңбек ету қажет. Әр адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдайды.

Көрме

Бүгін 5 «В» сыныбында «Мамандығым — мақтанышым» атты көрме ұйымдастырылды. Назарларыңызға көрмеден шағын репортаж.

Оқушылар үйден салып келген суреттерін іледі және бейнеленген мамандық бойынша әңгімелейді. Мысалы: «Бұл — дәрігер. Ол адамдарды емдейді.»

IV. «Тілашар» айдары

Студиямызда «Тілашар» бағдарламасы. Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар аудармасын табады.

Жазушы

писатель

Аспаз

повар

Мұғалім

учитель

Балықшы

рыбак

Суретші

художник

Наубайшы

пекарь

Құрылысшы

строитель

Сатушы

продавец

Әнші

певец

Кітапханашы

библиотекарь

V. «Телекөпір» арқылы сұхбат

Енді «Телекөпір» арқылы бір-бірімізбен сұхбат құрайық. (Екі оқушының «Дәрігер» тақырыбындағы сұхбаты.)

Көрермен хаттары

Жазылым және тілдік талдау

Бүгін хаттар бөліміне сіздерге арналған көптеген ашық хаттар келіп түсті. Ендеше, осы бөлімнің тілшісіне хаттарды оқып, жауап беруге көмектесейік. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің датасын жазыңдар.

1-хат

Төмендегі жұрнақтардың көмегімен туынды зат есімдер жасаңыз: -шы, -ші.

Сөздер: зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, мүсін, жылқы, сәулет, аң, қобыз, тіл, ел, есеп, орман.

2-хат

Жақшаларды ашып, аударып, оқыңыз:

Менің анам (учитель) емес, (врач). Ауылда (доярки, пекари, полеводы, строители) өте қажет.

Қосымша тапсырма: 1-сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажыратыңыз.

3-хат

  • «Мамандық» сөзін тәуелдеңіз.
  • «Мамандықтарымызды» сөзін сөз құрамына талдаңыз.

4-хат

Кітаппен жұмыс (104-бет):

  • 1-тапсырма: сұрақтарға жауап беріңдер.
  • 2-тапсырма: тест сұрақтарына жауап беріңдер.

VI. «Полиглот»

Жауап үш тілде берілуі тиіс.

Сания балаларды оқытып жүр. Оның мамандығы қандай?

мұғалім — учитель — a teacher

Салтанат адамдарды емдеп жүр. Оның мамандығы қандай?

дәрігер — врач — a doctor

Алина тіс емдейді. Оның мамандығы қандай?

тіс дәрігері — стоматолог — a dentist

Нұржан сурет салады. Оның мамандығы қандай?

суретші — художник — an artist

Мира ән айтып жүр. Оның мамандығы қандай?

әнші — певица — a singer

Жарнама

Мемлекеттік тілді білу — парыз. Мемлекеттік тілді сүю — парыз. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін «Айгөлек» пен «Балдырғанды» оқу — парыз.

VII. Сабақты қорытындылау және бекіту

Сонымен, көрермендер, бүгін біз көптеген мамандықтарды қарастырдық және олардың еңбегі туралы айттық. Енді сендердің еңбектерің неде? Әр маман жұмысқа кіріспес бұрын шартқа отырып, мекеменің заңымен танысады. Біз де бүгін өз сыныбымыздың «заңын» қабылдайық.

Сынып заңы

  • Оқу оқы, еңбек ет,
  • Демал, досқа бер көмек,
  • Отанды сүй, адал бол,
  • Өнегелі адам бол!

Тапсырма: оқыту, қайталату, аудару.

Бекіту: сөзжұмбақ

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. «Әсем» сөзінің синонимі
  2. «Қара» сөзінің антонимі
  3. «Ұстаз» сөзінің синонимі
  4. «Семіз» сөзінің антонимі
  5. «Сатушы» сөзінің синонимі
  6. «Бай» сөзінің антонимі
  7. «Салқын» сөзінің синонимі
  8. «Жаман» сөзінің антонимі

VIII. Бағалау

Қ. Бітібаеваның «Өзін-өзі бағалау» тәсілі қолданылады.

IX. Үйге тапсырма

Н. Жанаев: «Біздің заң» — жатқа.

Осымен бүгінгі хабарымызды аяқтаймыз. Эфирде келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!