Ырықсыз етіс
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән
- Қазақ тілі (6-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс.
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Типі
- Аралас
- Әдістері
- Талдау, салыстыру, теріп алу
- Көрнекілігі
- Кестелер, парақшалар
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, өзін-өзі тану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға өзгелік етіс пен ырықсыз етіс, олардың жасалу жолдары туралы түсінік беру; білімді жаттығулар арқылы бекіту.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін арттыру, жаттығу жұмыстары арқылы ой-өрісті дамыту.
Тәрбиелік
Тәрбие мен білімнің егіз ұғым екенін түсіндіру; дұрыс қабылдауға, орынды сөйлеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру және психологиялық даярлық
Оқушылар геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр фигура белгілі бір мінез-құлық ерекшелігін сипаттайды. Бұл кезең оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуына көмектеседі.
Үшбұрыш
- Жігерлі, өзіне сенімді
- Тез шешім қабылдайды, қажырлы
- Лидерлікке бейім
- Шыдамды, тәуекелшіл
Төртбұрыш
- Батыл, құбылыстарға қызығушылық танытады
- Әуесқой
- Денсаулыққа ұқыптылықты қажет етеді (суық тию, жарақат алу қаупі)
Шеңбер
- Қарым-қатынаста үйлесімділікті қалайды
- Мейірімді, жанашыр, жомарт
- Танымал емес шешімдерді таңдауға бейім
- Демократиялық стильді ұстанады
- Күн тәртібі икемді, қоғамдық жұмыстарға бейім
- Туа біткен психолог
Амандасу ережесі (фигураға байланысты)
- Үшбұрыш: қол алысып амандасу
- Төртбұрыш: өзге тілде амандасу
- Дөңгелек: ым-ишара арқылы амандасу
II. Үй жұмысы
- Өздік етістің ережесін жаттау.
- Жаттығуларды орындау.
III. Жаңа сабақ
Өзгелік етіс: анықтама және жасалу жолдары
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі (яғни субъект) арқылы тікелей емес, екінші бір басқа орындаушы арқылы жасалатынын білдіреді. Өзгелік етіс белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.
1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз
- отыр → отырғыз
- жүр → жүргіз
- айт → айтқыз
- жет → жеткіз
2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір
- сал → салдыр
- сен → сендір
- ас → астыр
- тік → тіктір
- кет → кетір
- ас → асыр
3) -сет, -т
- жаса → жасат
- сөйле → сөйлет
Ескерту: жұрнақтың таңдалуы түбірдің дыбыстық құрамына байланысты.
Өзгелік етісті сөйлемде қимылды іске асыруға екі субъект қатысады: орындатушы және орындаушы. Ғылым тілінде қимылды тікелей орындаушы агенс деп аталады.
Мысал: Ол баласына өлең айтқызды.
Ырықсыз етіс: анықтама және жасалу жолдары
Ырықсыз етіс — іс-әрекеттің атқарушысы (қимыл иесі) арнайы айтылмай, қимылдың өздігінен істелгендей болып көрінуін білдіретін етіс түрі. Ол -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы жасалады. Егер түбір құрамында л дыбысы болса, онда -ын, -ін, -н жұрнақтары жалғанады.
Негізгі ереже
Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады және өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады.
-ыл, -іл, -л арқылы
- сөз айтылды
- уәде берілді
- шарт жасалды
Түбірде “л” болса: -ын, -ін, -н арқылы
- үй тазаланды
- қамал алынды
- үй салынды