Бесікке салу

Сабақтың бағыты

Тақырып

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары: ашамайға мінгізу

1-сыныпқа арналған сабақ (презентациямен).

Көрнекіліктер

  • Әдет-ғұрыпты бейнелейтін суреттер
  • Кітапшалар, қысқа мәтіндер

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу, ой қозғау
  • Топтастыру, сұрақ-жауап
Түрі: дәстүрлі Типі: аралас

Мақсаттар

  1. 1 Қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
  2. 2 Туған жерге, елге сүйіспеншілікті арттыра отырып, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
  3. 3 Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, саналы әрі өнерлі адам болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру сәті

Сабаққа бейімдейтін өлең жолдары:

Біз тәртіпті баламыз,

Мұғалім тілін аламыз.

Күнделікті сабақта

Кілең бестік аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ

Отбасы мүшелерін атаңдар.

Үлгі жауаптар: сіңлі, ата, қарындас, әже, әке, апа, ана, аға.

Оқушы жұмысы

Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбында жазған шығармаларын оқиды.

Ой қозғау

Отбасы қандай болу керек?

тату сыйластық әдептілік жауапкершілік өнегелілік адамгершілік

Түйін: Адамға ең қымбат — отбасы.

Тапсырма

Артық сөзді тап.

  • Тұсау кесу
  • Беташар
  • Бесікке салу
  • Футбол ойнау Артық сөз
  • Ашамайға мінгізу

Жаңа сабақ: дәстүр мен тәрбие

Кең даланың ежелгі қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де дәстүр мен салтымыз бар.

Жұмыс реті

  1. Мәтінді тыңдау
  2. Оқушылардың кезектесіп оқуы
  3. Мәтін бойынша сұрақтар

Сөздік жұмысы

Ашамай
Балаға арнайы жасалатын ер.
Ашамай той
Баланы ашамайға мінгізгенде жасалатын салтанатты той.

Ашамайға мінгізу: мәні мен тәрбиелік қуаты

Ашамай — екі жаны «Х» әрпіне ұқсас болып жасалатын, балаға арналған айшықты ер. Баланың аяғы қысқа болғандықтан, ашамайға үзеңгі салынбайды.

Жабағы жүннен жасалатын терлік пен оның үстінен салынатын тоқым да баланікі болғандықтан, көз тартардай етіп әшекейленеді: жиектері шашақталып, кестеленіп, сәнді жасалады.

Бұл — баланың сана-сезімін жетілдіретін, тәрбиелік мәні зор салттардың бірі.

Бала есі кіріп, 6–7 жасқа келген соң, оған жеке тай атап, ашамай жасатып, қамшы өріп, «сен азамат болдың» деген сенім ұялатады. Үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеліп, бала мінгізіліп жүргізіледі.

Бұл баланың көңілін өсіреді: басқа балалардың алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімі оянады, өзін жауаптырақ ұстап, тез есейеді. Ашамайға мінгізу — еңбексүйгіштік пен адамгершілікке баулудың ұлттық педагогикалық жолдарының бірі.

Салт көрінісі

Ақ тілекті аналар шашу шашады.

Ойын-сауық

Ересек балалар тайға мініп жарысады.

Жалғасы

Салтанат шағын тойға ұласады.

Бекіту: өмір кезеңдері мен салт-дәстүр

Оқушылармен бірге ой елегінен өткізіп, «қай кезеңде қандай дәстүр орындалады?» деген кесте құрастырамыз.

Кесте (үлгі)

  • Дүниеге келу — шілдехана тойы.
  • 1 жас — туған күн.
  • Жүре бастау — тұсау кесер.
  • Алғаш алыс жол — тоқым қағар.
  • 6–7 жас — ашамай той.
  • 5, 7, 9 жас — сүндет той.
  • 1-сыныпқа бару — тілашар.

Қорытынды ой

Қазақтың салт-дәстүрлері — ұрпақты еңбекке, әдепке, жауапкершілікке баулитын рухани мектеп. Әрбір рәсімнің астарында тәрбие, тілек және бірлік жатыр.

Үй тапсырмасы

Қазақтың әдет-ғұрыптары туралы үзінділерді жаттау.

Бағалау

Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау.