Рухани мәдениет

Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

Бұл материал Қазақстан тарихы пәні бойынша 10-сыныпқа арналған аралас сабақ құрылымын ұсынады. Негізгі өзек — ертедегі көшпелілер мен отырықшы қауымдардың өзара ықпалы, қалалардың өсуі, жартылай көшпелі топтармен қарым-қатынастың дамуы, сондай-ақ темір дәуірі мен орта ғасырлардағы байланыстар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ертедегі көшпелілер мен отырықшылардың байланысын, көшпелі өркениет ұғымын түсіндіру; қалалардың өсуі мен жартылай көшпелі топтар арасындағы қатынастың дамуын талдау; темір дәуірі және орта ғасырлар кезеңіндегі ықпалдастықты жүйелеу.

Дамытушылық

Өз бетімен қорытынды жасауға, негізгі ойды ажыратуға, зерттеу жұмысын дайындап қорғауға дағдыландыру; ой-өрісті, сенімділікті және пәнге қызығушылықты арттыру; пікірді еркін әрі дәл жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, имандылыққа, тарихи және өнер ескерткіштерін құрметтеп қорғауға тәрбиелеу; Отанға сүйіспеншілік пен тарихи мұраға мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақ форматы

Сабақ түрі
Аралас сабақ
Технология
Дамыта оқыту
Әдістер
Әңгіме, пікір алмасу, ізденіс, «саяхат» әдісі

Көрнекіліктер

  • Қазақстан картасы
  • Таратпа материалдар
  • Суреттер мен иллюстрациялар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Сабаққа әзірлігін бақылау, оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыптық блоктар: материалдық мәдениет, рухани мәдениет, жартылай көшпелілердің діни-нанымдары.

1) Блиц-сұрақтар

Сұрақ 1

Материалдық мәдениет дегеніміз не? Мысал келтір.

Сұрақ 2

Қойбағар, Арпаөзен, Таңбалы ескерткіштеріндегі және Іле–Шу аңғарларындағы жартастағы суреттер нені білдіреді? Бұл туралы кім жазып қалдырған?

Жауап

4–6 доңғалақты арбалардың бейнесі сақтардың жылқыны арбаға жегіп, көшіп-қонуға пайдаланғанын көрсетеді. Бұл туралы Гиппократ: арбалардың шағын, төрт және алты доңғалақты болып келетінін, кейбірінің киізбен жабылған күркелі арба түрінде жасалып, жаңбыр мен желден пана болатынын; арбада қарттар мен әйелдер отыратынын, ал ерлердің көбіне ат үстінде жүретінін жазады.

Сұрақ 3

Көшпелілер арбаға нені жеккен? Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі?

Жауап

Мұндай арбаларға өгіздер мен түйелер жеккен. Грек тарихшылары сақтардың ағаштан жасалған үйлерде тұрып, қыста оны тығыз ақ киізбен жабатынын да атап өтеді.

2) «Сөзді жалғастыр» тапсырмасы

Тапсырма 1

Ал тұрақтарға келетін болсақ, үйсіндер салынған қыстауларда тұрса, қаңлылар тұрғызылған үй-жайларда мекендеген.

Тапсырма 2

Сақтардың бас киімі шошақ, аяқ киімі өкшесіз, жалпақ болған. Тізеге дейін камзол киіп, белбеу буынған; тар шалбар киген; оң жағында қанжар, сол жағында семсер не садақ ілінген. Ал Есік обасынан табылған адамның үстіндегі бұйымдармен безендірілген. Бас киімінде жануарлар мен құстар бейнеленген. Беліндегі кіседе бейнесі, жанындағы бұйымдардың көркемдік сапасы өте жоғары.

Тапсырма 3

Қазақстанның Алтай өңіріндегі Берел қорғанынан алынған да өте сапалы жасалған. Табыт жанында бірге көмілген аттардың бізге дейін жақсы сақталуы — қорған ішіндегі қабатының қатып қалуымен байланысты.

3) «Не туралы?» сұрақтары (рухани мәдениет)

Сұрақ 1

Сиынатын басты құдайы кім болған? Нені құрбандыққа шалған?

Жауап

Күнге табынған, оған арнап жылқыны құрбандыққа шалу салты болған. Бұған адамның жанында ат басы, ат әбзелдері және олардың жекелеген бөліктері бірге жерленуі дәлел болады. Күннің құрметіне ең жүйрік жануарды құрбан ету керек деп түсінген.

Сұрақ 2

Жер дауы туғанда «Бұл жерде менің ата-бабамның сүйегі жатыр, сондықтан бұл — менің жерім» деген уәжді қалай түсіндіруге болады?

Сұрақ 3

Отқа май құю салты нені білдіреді? Оны қалай түсіндіруге болады?

Жауап

Келін түскенде немесе күйеу алғаш келгенде отқа май құю — отты қастерлеу арқылы жаңа өмірге қадам басуды, жаңашылдық пен өзгерісті білдіретін ғұрып.

Сұрақ 4

«Аң стилі» дегенді қалай түсінесің?

Жауап

Аң стилі — әртүрлі бұйымдарға қашалған немесе соғылған жануар бейнелері арқылы жасалған көркемдік жүйе. Ол бойтұмар мен тұмарша қызметін атқарып, тайпалардың дүниетанымын, қиялын, аңыздарын білдірген. Жануарлар тартысы түрінде берілген сюжеттер сол дәуірдегі ру-тайпалар арасындағы қақтығыс пен жаугершілік кезеңдерді де меңзейді.

Автор туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, Ленин атындағы орта мектеп КММ. Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі — Мергазина Анар Ерланқызы.