Өмір - өмірӨмір, өмір, өмірдің мәні қандай

Өмір – өмір
Өмір, өмір, өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды қайратқа жанығандай.
Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да
Өмірің өз қолыңда!
Жүлде алғанда, жарыстан озғаныңда,
Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.
Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да
Өмірің өз қолыңда!
Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа,
Сүрінбестен болады жаңылмасқа
Болады шегінбеске,
Болады жеңілмеске,
Өмірің өз қолыңда!
Жүлде алғанда, жарыстан озғаныңда,
Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.
Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да
Өмірің өз қолыңда!
Өмір, өмір бар оның өз жұмбағы
Бақыт үшін қанша жан көз жұмбады.
Арманда кетті қанша
Арманда өтті қанша
Өмірің өз қолыңда!
Өтті қанша бөзінген, боздағыңда,
Осы өмір қашанда өз қолыңда.
Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да
Өмірің өз қолыңда!

1. Сіздің ойыңызша, ең бақытты адамдар қай жақта?
А) Оңтүстік өлкелерде. Ол жақта әрқашанда күн жарқырап тұрады
Б) Жоғары дамыған елдердің үлкен қалаларында
В) Канада мен Скандинавияда, өйткені ол жақта халықтың тығыздығы төмен

2. Осы нақыл сөздердің Сіздерге қайсысы өмірлік ұран болуы мүмкін?
А) Темірді ыстық (қызған) кезде соқ
Б) қара сызықтың артынан әркез ақ сызық жүреді
В) Жылтырағанның бәрі алтын емес.

3. Досыңыздың қай сыйлығы Сізді өте қызықтырады?
А) Керемет зергерлік бұйым
Б) басқа қалаларға туристік саяхат
В) Күнделікте шаруашылықта қажетті техниканың бір түрі

4. Сіз мамандығыңызды ауыстыру туралы ойлайсыз ба?
А) иә, өте жиі, әлде де бір мамандық қосып алғым келеді
Б) анда - санда, айлық кешіккенде және жұмыстағы қолайсыз жағдайларда
В) жоқ, ешқашан

5. Не нәрсеге жиі күлесіз?
А) досымның жасаған қылықтарына
Б) жақсы әзілдер мен анекдоттарға
В) өзімнің ақылсыздығыма

6. Қаланың ішінде серуендеп жүргенде көбіне Сізді не нәрсе тітіркендіреді?
А) Көпшілік
Б) қайыршылар
В) Жағымсыз иістер

7. Қандай адамдарға Сіздің көңіліңіз ауады?
А) Өзіне сенімді
Б) өзіне жақсы қарайтын
В) көңілді, ақылды, дарынды

7 – 11 ұпай.
Біздің құрметімізді қабыл алыңыз. Сіз өзіңізбен әркезде жақсы келісіп, өмір қалай болса, солай қабылдайсыз. Болмайтын нәрсеге күліп, қолайсыз жағдайларға көңіл аудармайсыз. Сіздің өміріңізге қызығуға болады

12 – 16 ұпай.
Осы уақытқа дейін өз өміріңізді қорлап, өмірде не үшін сүргеніңізді түсінбейсіз. Себебі, Сіз қоршаған ортаға жоғары, ал өзіңізге төмен талап қойып қоясыз.

17 – 21 ұпай.
Сіз неге өмірге түңіліп (түнеріп) қарайсыз. Бәрін есіңізге түсіріңіз. Жақсы, жақсылықты, көңілді, ақжарқын адамдардың арасында көп уақытыңызды өткізуге тырысыңыз.



Ұқсас жұмыстар

Адам өмірі өмірлік мақсаттарға негізделгенде ғана мәнді
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Өмірдің мәні адам өмірінің барлық аспектілерін біріктіреді, материалдық жағынан рухани әлемге және адам рухының алып батылдығына дейін
Адам өмірінің философиясының мағынасы
Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары
Кейбір адамдар өмірін өзенмен теңиді
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Экстенциализм
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі
Қаржының мәнi, функциялары және ролi
Педагогикалық процестің мәні мен мазмұны, құрылымы, қозғаушы күштері мен принциптері
Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
Еңбек ақының мәні, түрлері және принциптері.
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері