Мұхтар ШахановЦементС

Мұхтар Шаханов

Цемент
С. Сейтжановқа

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
"Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,
Тек тұтастық мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан әрі тиімді,
Теңге ететін, қоңды ететін тиынды
Жаңа цемент ойлап таптың, жас ғалым,
Құрмет көргей құмға жазған дастанын.
Азаматтық санамыздан ғылым озса, не етерміз?
Аман тұрсақ, әлі талай жаңалыққа жетерміз.
Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,
Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан,
Бас басына би болуға тырысқан,
Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,
Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?
Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда
Басымды ием, дәл осы іске цемент тапқан адамға!



Ұқсас жұмыстар

Әуезов шығармалары
Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу
Шығыстың Шахановы
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
М. Әуезов шығармашылығындағы авторлық идея мен көркемдік шешімнің өзгеруі
М.Әуезов және фольклортану мәселелері
МҰХТАР ӘУЕЗОВ туралы
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, Атамұра баспасы
Мұхтар асу
Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры
Мұхтар Әуезовтың очеркі
Мұхтар Шахановтың өлеңіСен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым
Мұхтар ШахановАрал қасіретіКемелер жүздірген шағылтып желкенін айға, Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда
Мұхтар Әуезов Қараш - қараш оқиғасы
Мұхтар ШахановСаматтың жұбайы Айжанармен жекпе - жекЗамана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып