Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы

«Кім тапқыр» сайысы

Бүгін сіздердің алдарыңызда 8 «А» сынып оқушылары «Кім тапқыр» атты сайыста өз білімдерін сынайды. Олай болса, ойыншыларды ортаға шақырып, таныстырайық.

Мақсаты

  • Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау және жүйелеу.
  • Ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылығын, іскерлігін, танымдық және логикалық дағдыларын дамыту.
  • Пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру.
  • Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және өз ойын анық жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайд-шоу
  • Интерактивті тақта

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырамыз. Оқушылар жетон таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

Сұрақтар (І–ІІІ топ)

Әр пайымдауға «иә/жоқ» түрінде жауап беріледі.

І топ

8 сұрақ
  1. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
  2. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
  3. Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады. (иә)
  4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — килобайт. (жоқ)
  5. Процессор — компьютердің миы. (иә)
  6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
  7. Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды. (иә)
  8. «1 бит = 8 байт» деген пайымдау жалған. (жоқ)

ІІ топ

8 сұрақ
  1. 1 килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
  2. Дисплей — ақпаратты экранға шығару құрылғысы. (иә)
  3. Сканер — ақпаратты шығару құрылғысы. (жоқ)
  4. Сегіздік санау жүйесінде 8 саны болмайды. (иә)
  5. Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. (иә)
  6. ЭЕМ дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
  7. Информатика — ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым. (иә)
  8. 2 Мбайтта 1048 байт бар. (жоқ)

ІІІ топ

8 сұрақ
  1. «Information» латын сөзі «мәлімет» дегенді білдіреді. (иә)
  2. Ақпарат тасушы — сигнал болып табылады. (иә)
  3. Жүйелік бағдарламалардың негізі — интерфейс. (жоқ)
  4. Пернетақта регистрін ағылшын әліпбиінен орыс әліпбиіне ауыстыру: Alt + Ctrl. (жоқ)
  5. Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп аталады. (иә)
  6. Пернетақтада абзацтан жазу пернесі — Caps Lock. (жоқ)
  7. 1642 жылы алғашқы қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты. (иә)
  8. 3 Мбайтта 3072 байт бар. (иә)

3-кезең: «Қатесін тап»

Шарты

Электрондық поштамен келген хатқа вирус еніп, ақпаратты бұзған. Мақсат — зақымданған мәтіндегі қателерді тауып, дұрыс нұсқасын қалпына келтіру.

1-хат

Вируспен зақымданған нұсқа

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Микрофон арқылы әндерді тыңдаймын.

Дұрыс нұсқа

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын. Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, принтерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін сканерді қолданамын. Ал мәтінді басып шығару үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдаймын.

2-хат

Вируспен зақымданған нұсқа

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint мәтіндік редакторын пайдаланамын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты бағдарламасымен саламын. Өз жұмыстарымды сканерден шығарамын.

Дұрыс нұсқа

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad мәтіндік редакторын пайдаланамын. Сурет салу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын қолданамын. Ал сурет салғым келсе Paint стандартты бағдарламасын пайдаланамын. Өз жұмыстарымды принтерден шығарамын.

3-хат

Вируспен зақымданған нұсқа

Ол 1001 жаста болатын, 101 сыныпқа баратын. Портфелінде 100 кітабы болатын. Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.

Дұрыс нұсқа

Ол 9 жаста болатын, 5-сыныпқа баратын. Портфелінде 4 кітабы болатын. Мұның бәрі ақиқат, жалған емес.

4-хат

Вируспен зақымданған нұсқа

Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым — келешекте атақты компьютер маманы болу.

Дұрыс нұсқа

Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен №71 мектептің 9-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым — келешекте атақты компьютер маманы болу.

4-кезең: Венгр сөзжұмбағы

Шарты

Сөзжұмбақтан табылған әр сөз үшін 10 ұпай беріледі.