Металдар тақырыбында жұмбақтар шешу
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- «Металдар» тарауын қорытындылау
- Сабақтың типі
- Білім негізін пысықтау және қорытындылау
- Сабақтың түрі
- Панорамалық сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Ертегі және ойын элементтері
- Сөзжұмбақтар, жұмбақтар
- Кітаппен жұмыс
- Қызықты деректер
- Есептер шығару
- Пәнаралық байланыс
Көрнекіліктер
- Кестелер және кеспе қағаздар
- Сөзжұмбақтар жинағы
- Оқулық және қосымша кітаптар
- Интерактивті тақта
- Есептер жинақтары
Сабақтың барысы
I кезең: Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Күн, Жер және Ауа».
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Ой қозғау сұрақтары.
II кезең: Синектика (технология бойынша)
Оқушылар өз бетімен жаңа тақырыпты меңгереді, оқулықпен және қосымша материалдармен жұмыс жасайды.
III кезең: Сұрақ-жауап
1) Зергерлік өнер
Зергерлік қандай өнер? Зергерлік бұйымдарды атаңыз. Олар қандай металдардан жасалады?
2) Тарихи деректер
Металдар туралы тарихи мәліметтер келтіріңіз: мыс, қола, темір дәуірлері; «Алтын адам» және тайқазан.
IV кезең: «Металдар» тақырыбы бойынша жұмбақтар
Білімді бекіту үшін оқушылар жұмбақтарды шешіп, жауаптарын дәлелдейді.
Жұмбақ 1
Сырым бар химиктерге аян,
Таба алсаң, қасиетімді етем баян.
Табылса бұрын тым-тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде?
Жұмбақ 2
Алтын менен күмісті кім білмейді,
Қолда барда қуанып кім күлмейді.
Химиктерге жақпайтын не сыры бар,
Әрқашан «жаман металл» дейді.
Жұмбақ 3
Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті,
Жемісі ақыл-ойдың, елдің салты.
Жұмбақ 4
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсетеді суықты, жылуды анық,
Қандай зат: құрал жасар соны құйып?