Жаңбыр жауып, өзен суы
Білім беру саласы және бөлім
- Білім беру саласы
- Коммуникация
- Бөлімі
- Сөйлеуді дамыту
- Тақырыбы
- «Мөлдір бұлақ»
Мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты (даярлық)
Су әлемімен және суда мекен ететін тіршілік иелерімен таныстыру. Әрқайсысына тән қасиеттерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты (ересек)
Су әлемімен және суда мекен ететін тіршілік иелерімен таныстыру.
Міндеттері
- Су асты әлемінде мекендейтін тіршілік иелерінің ерекшеліктерін білу.
- Тақырыпқа сай сөздік қорды дамыту.
- Әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдері
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Ойындар
- Мұрашов технологиясы
- «6 қалпақ» әдісі
Көрнекіліктер
- Тақырыпқа сай суреттер
- Ойыншықтар мен ойын заттары
- 6 қалпақ
- Дүрбі
- Таратпалы материалдар
Билингвалдық компонент
Өзен
река
river
Көл
озеро
lake
Теңіз
море
sea
Кіріспе бөлім
Педагог балаларды ортаға шеңбер жасап тұрғызады:
Педагог:
«Балалар, қараңдаршы, табиғатымыз қандай әдемі! Өзімізді әсем табиғатқа теңеп, шаттық шеңберін жасайық.»
- «Мен таумын. Бәрінен де биікпін.»
- «Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.»
- «Мен Күнмін. Жарқырап, жылу берем!»
Тыңдалым тапсырмасы:
«Балалар, мына ғажайып дыбыстарды мұқият тыңдаңдар. Қандай дыбыстар естідіңдер?» (Аудиожазба: сылдырлаған бұлақ, теңіз дыбыстары.)
Сұрақтар
- Дыбыстарды тыңдағанда өздеріңді қайда жүргендей сезіндіңдер?
- Ненің дыбысын естідіңдер?
Бейнематериал
«Теңіздегі тіршілік иелері» бейнетаспасын көреміз. Көріп болған соң, қандай тіршілік иелерін танығандарыңды айтып беріңдер.
Негізгі бөлім
Әңгімелесу
Педагог балаларға сұрақ қояды: «Көргендеріңмен бөлісіңдер. Ерекше әсер қалдырған, есте қалған не болды?» Бұдан кейін су туралы әңгіме өрбиді.
Сұрақ 1
Су кімге керек және не үшін қажет?
Сұрақ 2
Теңізде қандай тіршілік иелері мекендейді?
1-тапсырма: «Суретші нені ұмытты?»
Суретті толықтырып сал: суретші ұмыт қалдырған бөлшектерді тауып, өзің қосып көрсет.
Сергіту сәті
Қанеки, бой сергітіп алайық,
Өзімізді мөлдір суға балайық.
Сай-салада ағып жатқан сарқырап,
Бұлақ болып таудан төмен ағайық.
Ойын: «Сөзді жалғастыр»
Сөйлемді жалғастыр:
- Мен қармақпен балық...
- Теңіз жағасынан шағаланы...
- Бұлақ сылдырлап...
- Жылқылар су...
- Жаңбыр жауып, өзен суы...
- Аққулар жағаға жақын...
- Балалар суға...
2-тапсырма: Жаңылтпаш
Жаңылмай айтып көрейік:
Бұл балық — ақ балық.
Ақ балық — қылтаны көп балық.
3-тапсырма: Есте сақтау тізбегі
Суреттегі тізбекті есте сақта. Дәптерді жауып, шатастырмай айтып бер.
Логикалық ойын: «Тура мағынасын айт»
Педагог ауыспалы мағынадағы сөз тіркестерін айтады, ал балалар олардың тура мағынасын табуға тырысады:
Жылы сөз — жылы күн
Алтын бала — алтын сырға
Қара шаңырақ, қара ниет — қара шалбар
Ақ жол, ақ ниет — ақ орамал
Жұмыстың аяғы — жүретін аяқ
Бұлақтың көзі — адамның көзі
Суық хабар — суық жел
4-тапсырма: Суда мекен ететіндерді тап
Суреттен суда мекен ететін тіршілік иелерін ата. Оларды судың суретімен сәйкестендіріп қос.
5-тапсырма: Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіну
Мақалдардың мағынасын талқылап, ойыңды айтып бер:
Судың да сұрауы бар.
Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз» дейді. Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді.
Өзен суын жаңбыр тасытады, адам қадірін еңбек асырады.
Су анасы — бұлақ, сөз анасы — құлақ.
Талқылау
Педагог балалармен бірге әр мақалдың мағынасын ашып, суға ұқыпты қарау, еңбектің қадірін білу және тыңдай білу мәдениеті туралы қорытынды жасайды.
Қорытынды
Сабақ соңында балалар су әлемі туралы алған әсерлерін бөлісіп, суда мекендейтін тіршілік иелерін атап шығады. «Мөлдір бұлақ» тақырыбы бойынша материалдарды бекіту жұмыстары жүргізіледі.
Ескерту
Қажет болған жағдайда «Мөлдір бұлақ» материалы жүктеліп, қосымша тапсырмалар ретінде беріледі.