Көрнекіліктері: тақырыптық суреттер, Бауыржан Момышұлы, Қайырғали Смағұлов портреті, аудиожазбалар

Тақырып

«Отанды сүйген оттан қорықпайды»

Мақсаты

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының, соның ішінде Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының майданда көрсеткен ерен ерлігін дәріптеу.

Жергілікті соғыс ардагерлері туралы түсінік қалыптастырып, Жеңісті ұлықтау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке және елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Тақырыптық суреттер
  • Бауыржан Момышұлының портреті
  • Қайырғали Смағұловтың портреті
  • Аудиожазбалар

Пайдаланған материалдар

  • Қазақстан энциклопедиясы
  • Ғаламтор деректері

Әдістері

  • Әңгіме
  • Ой қозғау
  • Топтастыру

Тапсырма түрлері

Эссе жазу Шығармашылық тапсырмалар

Ой қозғау: сұрақ-жауап

«Аламан бәйге»

1-сұрақ

Соғыс дегеніміз не?

2-сұрақ

Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?

3-сұрақ

Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында болды?

4-сұрақ

Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?

5-сұрақ

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл неше жыл толады?

6-сұрақ

Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз?

7-сұрақ

Өз жерлестерімізден Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер ретінде кімдерді атай аламыз?

Мағына тану

1941 жылғы 22 маусымда фашистік Германия келісімді бұзып, КСРО аумағына соғыс жариялап, басып кірді. Осылайша Ұлы Отан соғысы басталды.

Себептер мен мақсат

Гитлерлік Германия бұған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған еді. Оның негізгі мақсаттары саяси және экономикалық сипатта болды: басып алынған аумақтарды шикізат пен азық-түлік базасына айналдыру, әлсіз тәуелді құрылым орнату.

Қазақстандықтардың майдандағы үлесі

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар майданда шайқасты. Қазақ халқы фашизмге қарсы күреске жан аямай қатысып, мақсат еткен ең үлкен мұраты — жеңіске жетіп, бейбіт әрі тату өмірге қол жеткізу болды.

Еріктілер рухы

Соғыс басталған сәттен-ақ Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылды. Мәншүк Мәметова әскери комиссариатқа:

«Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ. Сондықтан өзімді жіберуді өтінемін».

Тылдағы еңбек және эвакуацияланған өндіріс

Даярлық

Елде 2 млн-нан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті.

Майданға аттанғандар

Қызыл Армия қатарына 120 мыңға жуық қазақстандық аттанды.

Өндірісті көшіру

Майдан маңынан және соғыс жүріп жатқан аймақтардан 220 зауыт-фабрика мен кәсіпорын Қазақстанға көшірілді.

Қазақ КСР-ге әкелінген өнеркәсіп орындары негізінен Алматы, Семей және Ақтөбе қалаларына орналастырылды. Көшірілген кәсіпорындар аса қиын жағдайда жұмыс істесе де, тыл еңбегі майданның қуатты тірегіне айналды.