Жойқын күшті тындырар күшің барда

8–9 сынып оқушылары арасында «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты — білімді ұлықтау, табиғаттану мен биология тақырыптарын жүйелеу, оқушылардың ойлау жылдамдығын арттыру.

Танымдық ұстаным: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім». (М. Әуезов)

Адам меңгермейтін білім бар ма? Жойқын істі тындырар күшің барда оқы, үйрен, жас ұрпақ — бәрін меңгер. Алға қойған мақсатың мен ісің барда!

I кезең — «Шыңға шығу»

Жылдам сұрақ-жауап бөлімі: негізгі ұғымдарды еске түсіру және логикалық ойлау.

  1. 1. Көбею мүшелеріне нелер жатады?

    Жауабы: аталық пен аналық.

  2. 2. Көлемі ең үлкен көл?

    Жауабы: Каспий.

  3. 3. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс қалай аталады?

    Жауабы: көл.

  4. 4. Көлдің теңізден айырмашылығы неде?

    Жауабы: мұхитпен байланысы жоқ.

  5. 5. Гүл формуласы дегеніміз не?

    Жауабы: гүл бөлімдерінің бас әріптермен белгіленуі.

  6. 6. Көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы?

    Жауабы: жеміс.

  7. 7. Ең терең көл?

    Жауабы: Байкал көлі.

  8. 8. Қазақстандағы ірі көлдерді ата.

    Жауабы: Каспий, Арал, Балқаш.

  9. 9. Жердің су қабығы қалай аталады?

    Жауабы: гидросфера.

  10. 10. Мұхит түбіндегі жер сілкінісі мен жанартаудың атқылауы нәтижесінде тез тарайтын күшті толқындар қалай аталады?

    Жауабы: цунами.

II кезең — «Сызықтық диктант»

Белгілеу ережесі: ^ — дұрыс - — қате

  1. 1) Нашар піскен жеміс ұзақ сақталады.
  2. 2) Үсіген жемістердің дәмдік құндылығы артады.
  3. 3) Піскен жемістің дәмдік сапасы жоғары әрі тәтті.
  4. 4) Шырынды жемістерде шырын мол әрі жұмсақ болады.
  5. 5) Шіріген жемістер адам өмірін ұзартады.
  6. 6) Жемістер хош иісті әрі дәмді.

III кезең — «Аңыздар»

Берілген сипаттама мен аңызға сүйене отырып, өсімдікті анықтау.

1) Еңлікгүл

Аңыз бойынша тау перілері бұл гүлді күні-түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды. Тек шынайы сүйген адамға сыйға беріледі. Күрделігүлділер тұқымдасына жатады, тау шыңында өседі. Махаббат, бақыт, ерлік символы. Альпинистер сайысында жеңімпаздарды гүлдің алтын мүсінімен марапаттайды.

2) Бәйшешек

Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылғанда күн суытып, Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристалы гүлге айналған. Содан бері бұл гүл үміт символы саналады. Дара жарнақтылар класына жатады, ерте көктемде гүлдейді.

3) Адыраспан

«Мың аурудың емі» деп танылған. Халық бұл өсімдікті жинар алдында иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. «Пәле-жаладан сақтасын» деп үйді осы өсімдікпен аластап, көз тимесін деп іліп қойған.

IV кезең — «Өсімдік сырлары»

  1. 1) Жыртқыш өсімдік

    Бұл өсімдік фотосинтезден бөлек, бунақденелілермен қоректенеді. Әдемі түсі мен жағымды иісі арқылы жәндіктерді тартып, түрі өзгерген жапырақтары жәндік қонған сәтте жабылып қалады.

    Жауабы: шыбынжұт.

  2. 2) Бейнекөрініс тапсырмасы

    Бейнекөрініс бойынша өсімдікті және бейнеленген құбылысты ата.

    Жауабы: «құтырған қияр».

  3. 3) Біржасушалы ағза

    Табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді.

    Жауабы: кірпікшелі кебісше.

  4. 4) Гүлдердің ханшайымы

    Шығыс елдерінде киелі гүл саналған. Гүл майы алтынмен бағаланған. Ең алғаш сәндік мақсатта өсіріле бастаған хош иісті гүл. Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған.

    Жауабы: раушан.

  5. 5) Ерекше ағаш

    Африка саванналарында өседі. Діңінің жуандығы 10 метрге дейін жетеді. Құлқайырға өте ұқсас ағаш тектес өсімдік. Жемісі жеуге жарамды, ал қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады.

    Жауабы: баобаб.

V кезең — «Жұмбақ жануар»

  1. 1) Аңыз бойынша бұл құс періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді.

    Жауабы: қораз.

  2. 2) Жыртқыш құс. Балық және кеміргіштермен қоректенеді.

    Жауабы: үкі.

  3. 3) Жаңа Зеландия символдарының бірі. Дәл осылай аталатын өсімдік те бар, жемісін жеуге болады.

    Жауабы: киви.

  4. 4) Таңғажайып секіруші аң: құйрығы денесін бірқалыпты ұстауға көмектеседі.

    Жауабы: кенгуру.

  5. 5) Ең алып су жануары?

    Жауабы: кит.

VI кезең — «Жұмбақ шешу»

  1. 1) Біреуін бердім, оны тердім.

    Жауабы: тұқым.

  2. 2) Қар астында қыстады, ақпен бөркін тыстады.

    Жауабы: бәйшешек.

  3. 3) Бұтақтағы ілінген үлпершек, іші нәрлі қызыл сөл — теріп алып үлгерсек.

    Жауабы: бүлдірген.

  4. 4) Саздауыт жерде өседі, хош иісі аңқыған — шипалы өсімдік деседі.

    Жауабы: жалбыз.

  5. 5) Ақ сұңқар қашар жем үшін, ер жігіт туар …

    Жауабы: ел үшін.

  6. 6) Қиядағыны қыран көреді, қиядағыны жылан …

    Жауабы: көреді.

  7. 7) Жапалақ сипағанмен, сұңқар …

    Жауабы: болмас.

  8. 8) Қыран құстың баласы қашса келмес …

    Жауабы: ұяға.

  9. 9) Аққу құссыз — көл жетім, тыңдалмаған …

    Жауабы: сөз жетім.

  10. 10) Құс қосағымен …

    Жауабы: ұя салады.

  11. 11) Құстың жайын … салған білер.

    Жауабы: ұя.

VII кезең — «Бел асар»

  1. 1) Адам қолымен өсірілетін өсімдік қалай аталады?

    Жауабы: мәдени өсімдік.

  2. 2) Ең ірі жеміс?

    Жауабы: асқабақ.

  3. 3) Ең тез өсетін өсімдік?

    Жауабы: бамбук.

  4. 4) Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым?

    Жауабы: микология.

  5. 5) Органикалық тыңайтқыштарды ата.

    Жауабы: көң, құс саңғырығы.

  6. 6) «Тәлімбақ», «жыланхана» — бұл не?

    Жауабы: жылан өсірілетін орын.

  7. 7) Жынысты көбеюге қандай жыныс жасушалары қатысады?

    Жауабы: аталық және аналық жасушалар.

  8. 8) Ұрықтану дегеніміз не?

    Жауабы: екі түрлі жасушаның қосылып, зигота түзуі.

  9. 9) Суықтан да, биіктіктен де қорықпай, таудың ұшар басында өсетін өсімдік?

    Жауабы: еңлікгүл.

  10. 10) Даражарнақтыларға қандай өсімдіктер жатады?

    Жауабы: бидай, арпа, тары, жүгері және т.б.

Қорытынды

Сайыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылардың білімі сараланып, үздіктер анықталды. Соңында жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды.

Нәтиже

Тақырыптық білім мен логика тексерілді.

Дағды

Жылдам жауап беру, талдау және дәлелдеу дамытылды.

Марапаттау

Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.