Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім
Сабақтың тақырыбы
«Салтын сүйген — халқын сүйер» (2-сынып, презентациясымен).
Сабақтың мақсаты
Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін және мәдени мұрасын оқушылар бойына сіңіре отырып, теориялық білімін өмірлік тәжірибемен ұштастыру. Ата-ана тәрбиесінің озық үлгілерін үлгі ету арқылы оқушыларды имандылыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Ұлттық дәстүрлерден өнеге алып, рухани байлықты арттыру.
Көрнекілігі
- Түрлі-түсті шарлармен безендіру
- Қазақ ауылының көрінісін бейнелейтін сюжетті суреттер
- Нақыл сөздер
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабақ
- Сабақтың әдісі
- Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы
I. Кіріспе бөлім
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Оқушыларды түгелдеу
- 3 Сабаққа дайындығын қадағалау
II. Негізгі бөлім
- 1 Жүргізуші сөзі
- 2 Ойын арқылы салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы білімді тереңдететін сұрақ-жауап
- 3 Саяхатқа шығу: киіз үй ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы ілгерілеу
Сахналық сөздер мен жүргізушілердің кіріспесі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 2-сыныптың ұйымдастыруымен өткізілетін «Салтын сүйген — халқын сүйер» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.
Мереке басы болған берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2-жүргізуші
Сәлем, анам, алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Топқа бөліну және таныстыру
Мұғалім
Оқушылар топқа бөлініп, өздерін таныстырып өтсін.
Жігіттер тобы
Таныстыру
Ашық маңдай, тана көзді,
Неткен мәнді айтқан сөзі.
Сұлу қыздар, ару қыздар!
Қайырмасы
Қыздар, қыздар — сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар!
Қыздар, қыздар — ару қыздар!
Өлең жолдары
Ұстаздың әрбір айтқан алтын сөзі —
Жүректі жарып шыққан білім көзі.
Сыныптың қыздарынан жігіті аз
Болса да, жұлдыз болып тұр ғой өзі.
Есімдер
Еркемай, Көркемай, Ферузай, Гүлжайнай,
Дана, Ұлданай, Ақжайық, Гүлшат,
Жанерке, Гүлден, Нұрай, Мереке,
Ақниет, Сәулем, Анаргүлім.
Бәрінің де сәні бар.
Қыздар тобы
Таныстыру
Сегіз қырлы, алтын сырлы —
Жігіттердің сұлтандары.
Батырлары, алғырлары!
Қайырмасы
Күш-қайраты бойларында,
Жақсы істер ойларында.
Сұлтан жігіт, сұлтан жігіт!
Негізгі ой
Дәстүрін құрметтеген ел — тарихын қадірлейді. Салт-дәстүрді білу мен ұстану оқушының танымын кеңейтіп, қоғаммен байланысын нығайтады және адамгершілік құндылықтарын тереңдетеді.