Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру
Тақырыптар
-
9-сынып
Арифметикалық және геометриялық прогрессия
-
10-сынып
Кеңістіктегі векторлар
Арифметикалық және геометриялық прогрессия тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақ туралы
- Сабақтың атауы
- Арифметикалық және геометриялық прогрессия
- Сілтеме
- Алгебра (9-сынып), слайдтар, дидактикалық материалдар
- Сабақтың түрі
- Қайталау және қорытындылау сабағы
- Көрнекіліктер
- Видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, А3 парақтары, стикерлер, бағалау парақтары
Жалпы мақсат
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есеп шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру.
Міндеттер
- Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге қалыптастыру.
- Күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда қолдана білу және мәндерін ажырата білу.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
- Оқуға бағыт-бағдар беру.
- Топта жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгерту.
- Өзін-өзі және өзара бағалау мүмкіндіктерін ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдер
Күтілетін нәтиже
- Формулаларды есептеу жұмыстарында қолдануды үйренеді.
- Күнделікті қоршаған ортада кездесетін есептердің мәнін түсініп, қолдануға дағдыланады.
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 минутТопқа бөлу
«Арифметика», «Геометрия», «Математика» сөздері жазылған қағаздарды таңдап, соған сәйкес топтарға бірігеді.
Жағымды ахуал қалыптастыру
Қайырлы күн, қымбатты оқушылар! Бүгін сіздерді ерекше көңіл күймен қарсы аламын.
Әрқайсыңыз ақ парақты алып, оны төбеңізге қойыңыз. Жұптасып, бір-біріңізге қарап отырып, алдарыңыздағы сыныптасыңыздың суретін салыңыз (бет әлпеті, көз, қас, мұрын, ерін, құлақ, дене, қол, аяқ).
Соңында суретті жұбыңызға көрсетіңіз: ұқсастығы бар ма? Ұқсаса — сіз керемет суретшісіз!
Енді сабақты бастайық.
Білу: ой қозғау
5 минутБұл кезеңде үй тапсырмасы талданады. Оқушылар топпен жұмыс істеп, постер дайындап қорғайды.
I топ
Арифметикалық прогрессия
II топ
Геометриялық прогрессия
III топ
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Түсіну: «Ұтқыр ойдан — ұтымды жауап» (ауызша жаттығу)
5 минутТізбектерді ажыратыңыз: егер тізбек арифметикалық прогрессия болса, оның айырымын (d), ал геометриялық прогрессия болса, еселігін (q) табыңыз.
Тапсырма: тізбектер
- 1) 3; 6; 12; 24; …
- 2) 800; 1100; 1400; 1700; 2000; 2300; …
- 3) 1; 4; 7; 10; 13; …
- 4) 4; 12; 36; …
- 5) 40; 20; 10; 5; 2,5; …
- 6) 3; 0; −3; −6; −9; …
- 7) 1; 3; 9; 27; …
- 8) 6; 36; 216; …
- 9) 0,2; 0,8; 1,4; 2,0; 2,6; …
- 10) 5; 5; 5; 5; 5; 5; …
Жауаптары
Арифметикалық прогрессия
- 2) 800; 1100; 1400; … d = 300
- 3) 1; 4; 7; … d = 3
- 6) 3; 0; −3; … d = −3
- 9) 0,2; 0,8; 1,4; … d = 0,6
- 10) 5; 5; 5; … d = 0
Геометриялық прогрессия
- 1) 3; 6; 12; … q = 2
- 4) 4; 12; 36; … q = 3
- 5) 40; 20; 10; … q = 1/2
- 7) 1; 3; 9; … q = 3
- 8) 6; 36; 216; … q = 6
Ескерту
Мұнда d — айырым, ал q — еселік. Тізбекті анықтауда қатар тұрған мүшелердің айырмасы немесе қатынасы тұрақты болуын тексеріңіз.