Шебер қыздар тобына

Технология (қыздар) Шеберлік пен білім сайысы

Қолөнер мен білім тоғысқан кеш

Бүгінгі кеш төрінде шеберлердің өнері мен білімі сынға түседі. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей, бұл сайыс оқушылардың технология пәнінен алған білімін тәжірибеде көрсетіп, еңбекке икемін, талғамын және тіл мәдениетін дамытуға бағытталған.

Кіріспе сөз

Уа, халайық! Бәріңе жар салайық. Бүгінгі кеш төрінде — шеберлер әлемінде, шеберлер тілінде көңілді кеш құрайық. Ат салысып аянбай, бар өнерге басайық!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер! Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен технология (қыздар) пәнінен «Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыстың құрылымы

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең қатысушылардың шапшаңдығын, ой ұшқырлығын, тіл байлығын және логикалық қабілетін дамытуға арналған.

  1. 1

    Таныстыру

    Топ атауы, ұраны, эмблемасы. Бағалау: 10 ұпай.

  2. 2

    Кім жылдам?

    30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 10 сұрақ. Әр дұрыс жауап: 10 ұпай.

  3. 3

    Ойлан тап

    Мақал-мәтелдерді құрастырып айту.

  4. 4

    Сен білесің бе?

    Қосымша сұрақтар арқылы білімді тексеру.

  5. 5

    Тіл өнері

    «Кім көп тіл біледі?» кезеңі.

  6. 6

    Тауып сөйлесең — күміссің

    Артық сөзді табу тапсырмасы.

  7. 7

    Жүйелі сөз жүйесін табар

    Сөйлемнен сөз құрау тапсырмасы.

2-кезең: «Кім жылдам?» — үлгі сұрақтар (1-топ)

Бұл бөлімде 30 секунд ішінде сұраққа жауап беріледі. Төменде «Шебер қыздар» тобына арналған сұрақтардың үлгісі берілген.

Шебер қыздар

10 сұрақ • әр дұрыс жауап — 10 ұпай

Тігін машинасының неше түрі бар?
3
Сүттен дайындалатын тағам түрлері?
Айран, қатық, кілегей және т.б.
Мақта неше жылдық өсімдік?
1 жылдық
Қалталы аң?
Коала
Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?
Леонардо да Винчи
Көкөністерден жасалған тағам?
Салат
Қамырдан ас дайындау үшін не қажет?
Ұн
Қалыңдықтың бас киімі?
Сәукеле
Зығыр неше жылдық өсімдік?
1 жылдық
Зығырдың неше түрі бар?
3 түрі бар

Қорытынды және дерек

Білім мен өнер туралы ой

Технология — шеберліктің мектебі. Халқымыздың бай мұрасы — қолөнер. Ас әзірлеу, іс тігу, көрме дайындау арқылы оқушының ізденісі мен еңбексүйгіштігі шыңдалады.

Мекеме туралы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, А. Назарбеков ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебі (КММ)

Технология пәнінің мұғалімі

Исатаева Арайлым Белқожақызы