Футбаскет сайысы
Сайыс туралы
4-сынып оқушылары арасында өтетін «Толағай» спорттық сайысы — балаларды дене тәрбиесі мен спортқа тартуға арналған эстафеталық жарыс. Бұл іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуді, ойын барысында әділдік пен жолдастық сезімді күшейтуді, бос уақытты тиімді пайдалануды және денсаулықты нығайтуды көздейді.
Сабақтың түрі
Жарыс түрінде (эстафеталық ойындар).
Қатысушылар
4 «А», 4 «Б», 4 «В» сынып командалары және командалар капитандары.
Қажетті құралдар
- Доптар
- Шарлар
- Секіртпе
- Сурет салуға арналған құралдар
Бағалау жүйесі
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар бағасын береді. Жарыс 5 балдық жүйемен бағаланады.
Барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі — спорт» демекші, бүгінгі «Толағай» сайысына қош келдіңіздер. Сайысты ашық деп жариялаймын.
Әнұран. Одан кейін сайысқа қатысушыларға құттықтау сөз мектеп директоры М. Т. Мырзахановқа беріледі.
Ендеше, ортаға жарысқа қатысатын командаларды шақырамыз: 4 «А», 4 «Б», 4 «В» сынып командаларын қарсы алайық!
Ұран
Ойнайық та, ойлайық, қатардан артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада, уақытты тектен-тек жоймайық.
Ойнайық та, ойлайық, күшімізді көрсетейік, сынайық.
Жеңсек те, жеңбесек те ренішсіз болып, қаймықпай көңілді болайық.
Әділ қазылар алқасы
- 1 Оқу ісінің меңгерушісі: Гүлзат Қалымтайқызы
- 2 Спорт мұғалімі: Тілек Іргебайұлы
- 3 Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қарлығаш Базарқызы
Оқушылар сайыстың ережесімен таныстырылады. «Толағай» сайысы — эстафеталық ойындар жарысы, тамашалап, қолдау көрсетіңіздер!
II. Негізгі бөлім: сайыс кезеңдері
-
1. Таныстыру
Әр команда өздерін таныстырып, эмблемасын қорғайды.
-
2. «Желаяқтар» сайысы
Мәреге жүгіріп барып, кері қайтады.
-
3. «Әрі ойын, әрі есеп»
Секіртпемен жүгіріп, есеп шығарады.
-
4. «Пингвиндер» сайысы
Допты екі аяқтың арасына қысып жүгіре жүреді.
-
5. «Домалау»
Жерде домалап, кедергіден өтіп жарысады.
-
6. «Із салу» сайысы
Іздерді алға қарай қойып, сол арқылы жүреді.
-
7. Допты алып жүру
Доппен жүгіріп, жарысады.
-
8. «Суретшілер» сайысы
Әр команда маркермен сурет салады.
-
9. «Футбаскет» сайысы
Допты белгіленген ереже бойынша жүргізіп, дәлдікке ойнайды.
-
10. «Паровоз» сайысы
Барлық ойыншы бір-бірінің белінен ұстап, бірге жарысады.
Ескерту
Бағалар әр кезең аяқталғаннан кейін қойылады. Сайыскерлерге сәт сапар!
III. Қорытынды бөлім
Қорытынды тапсырма: мәреге дейін допты аяқпен теуіп барып, кейін қолмен ұстап кері қайту.
Әділ қазылар алқасы жалпы ұпайды есептеп, жеңімпаз команданы анықтайды және марапаттау рәсімі өткізіледі.