Байғұс бала

Байғұс бала...
Авторы: Мұхтар Жақсылық

Көлеңкелеп отыр едім көк талды,
Бір кішкентай маған қарай оқталды.
Рұқсат сұрап жайғасты да жаныма,
Аға, сенде МАМА бар ма?., деп қалды.

Не дерімді білмей қалдым (тіл жұтып),
Кірпігімді алдым жасқа сүңгітіп.
Бір сұрақпен жылатып ап балақай,
Енді менің жауабымды тұр күтіп.

Үндемедім, жауап қатып не етемін,
Хәлі таныс бұл кішкентай көкенің.
Анам бар деп, айта алмадым амал не?!,
(Білем оның анасы жоқ екенін).

Анасы оның мәңгілікке аттанған,
Əкесі жоқ, темір торда, (сотталған).
Екеуінен бір - ақ демде көз жазып,
Жетімсіреп қалған солай тəтті арман.

- Бүгін кешке мамам үйге келеді,
Деп, балақай тəтті үмітке сенеді.
(Мамаң сенің жұмысына кеткен деп,
Атасы оны алдап қойған себебі).

Кішкентай ғой, оған қалай нанбасын,
Көніп жүр - ау тағдыр басқа салғасын.
Өзі жемей, МАМА келсе берем деп,
Бір қолына ұстап апты алмасын.

Аңсап жүр - ау көргісі кеп шамасы,
Кішкентайдың сағынышын қарашы.
Атын айтып айғалайды еркелеп,
Бірақ оны естиді ме анасы?

Өтсін көктем, өтсін қыс, жаз, күз, мейлі,
Байғұс бала, үмітін еш үзбейді,
Сәби жүрек сезіп жүр ме бірдеме?,
Әкені емес, тек ананы іздейді.

Үміті зор, келер - ау деп, ойлайды,
Касыма кеп тағы алаңсыз ойнайды.
Әр әйелге жалт бұрылып елеңдеп,
"Анау менің мамам ба?" деп, қоймайды.

Аяп кеттім, жүрек босап елжіреп,
Екі көзім жасқа толды мөлдіреп.
Мұңы қалың бұл сүйкімді балаға,
Айту қиын мамаң сенің сөнді деп.

(Арман отын алаулатып жандырған,
Өмір бойы өксімеуді заң қылған,
Басымды идім құдіретті анаға,
Баласына сөнбес үміт қалдырған).

Бір қалтаға кампиттің сап он бесін,
Бір қалтаға тығып тағы теңгесін,
Байғұс бала күтіп отыр анасын,
Қайдан білсін бүгін тағы келмесін.

Ештеме де айта алмадым балаға,
Жетімсіреп қалып кеткен далада.
Тек тағдырға капа болдым ішімнен,
Кішкентайды зар ғып қойған мамаға.



Ұқсас жұмыстар

Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
А. Османова М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы етістік синонимдер
Тақырып идеяға тартылған жол
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сағи дауысы
Жұматай Сабыржанұлының сатиралық шығармалары
Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс
ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері туралы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Аймауытов Жүсіпбек
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Баланың мектепке келу мәселесі
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу ЖШС «Тамир»
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Электрлік оптикалық аспаптардың конструкциялық элементінің параметрлерін жобалау
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Балалардың мектепке дайындығын жан - жақты ұйымдастырудың психологиялық - педагогикалық негiздерi
Бюджет балансы және бюджет тапшылығы