Ұстаздарға мың алғыс
Тақырып: «Мектеп – кеме, білім – теңіз» (бастауышпен қоштасу мерекесі)
Бұл мереке — бастауыш мектеппен қоштасып, жаңа белеске қадам басар сәттегі ең жылы естеліктер мен шынайы алғыстың көрінісі. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» идеясы арқылы білім жолының бастауыштан басталатыны, ал ұстаз еңбегінің әр баланың болашағына бағыт беретінін айқын сезіндіреміз.
Негізгі ой
Бастауышта алынған білім — кейінгі оқу жолының іргетасы.
Қоштасу
Алғаш қалам ұстатқан ұстазға алғыс айтып, орта буын мұғалімдерімен танысу.
Тәрбие өзегі
Мектепті, ұстазды құрметтеу; білімге құштарлықты арттыру; Отанға адал азамат болуға тәрбиелеу.
Мақсаты
- 1) Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ұғындыру, бастауышта алған білімнің берік негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
- 2) Бастауыш сыныбымен және алғашқы ұстазбен қоштасып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру; әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
- 3) Мектеп ордасын және ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу, білімге деген құштарлықты арттыру; өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға баулу.
Көрнекілігі
- Слайд және безендіру материалдары
- Дәптерлер мен оқушы жұмыстары
- Қанатты сөздер топтамасы
- Ұран: «Мектеп – кеме, білім – теңіз»
Кіріспе
Сахналық көрініс
Музыка ойнап тұрады. Сыныптың «теңізші» ұл-қыздары О. Газмановтың «Я морячка, ты моряк» әніне билеп шығады.
Матростар биімен сынып түгел сап түзеп (шагай отырып) ортаға шығып, қатарға тұрады.
Капитанның тексерісі
Капитан: «Бәріміз түгелміз бе? Кәне, тексерейін. Кім жоқ екен?»
Оқушыларды мінез-құлқымен таныстыру (үлгі):
- Суретші Әлкен — бар
- Пысық Нұрғанат — бар
- Білгіш Елхан — бар
- Әнші Марал — бар
- Сыпайы Анара — бар
- Тілалғыш Камила — бар
- Ынталы Аяжан — бар
- Ерке Еламан — бар
- Епті Ерасыл — бар
- Биші Меруерт — бар
- Батыл Бақытжан — бар
- Ақылды Бағлан — бар
- Әдепті Ақтоты — бар
- … (қалған оқушылар осы үлгімен жалғасады)
Капитан: «Олай болса, жолға шығайық!»
Хормен
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда —
Ұстаз берген білім қолда.
Капитан: «Алыс сапарға жол салып берген ұстаз еңбегіне әрқашан бас иеміз». (Барлығы бас иеді.)
Негізгі бөлім: Ұстаздарға мың алғыс
Ақбаянның сөзі
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін жан жоқ. Ы. Алтынсариннің «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі бекер емес: жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білім мен тәрбие де жүзеге аспайды.
Данышпан да, қарапайым еңбеккер де, арман қуған жеткіншек те бір жанға қарыздар. Ол — ұстаз. Адамды тәрбиелеп, адамдыққа жетелеу — үлкен күш. Сондықтан ұстаз еңбегі — ұлы еңбек. Бүгін бізді үлкен жолға салғалы тұрған ұстазға алғысымыз шексіз.
Өлең жолдары
Жадыра
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты —
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?
Ұстаз-ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат — бір-бір мықты.
Балтабек
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары —
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Ақтоты
Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым,
Әріпті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана, естен кетпес мәңгілік —
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Бақытжан
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен әліппені алғаным.
Санау ашып әліппенің парағын,
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
Ән
«Ұстазым» әні орындалады. (Орындайтындар: Камила, Ержан.)
Тілдер мерекесі: білімімізді көрсетейік
Камила, Ержан: «Біз бүгіннен бастап талай елді аралай аламыз. Ол үшін ағылшын және орыс тілдерін жақсы білу керек. Әрине, шетел тілдерін еркін меңгердік қой. Олай болса, білімімізді көрсетейік!»
- Орыс тілінде: Бағланның орындауы
- Ағылшын тілінде: шағын көрініс
- Қазақша попурри: рақмет айтып, мұғалімнің атын атап аяқтау
Алғыс сөз
Бағлан: «Ұстаздар, сіздерді айтып мақтанамыз. Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі талай биіктен көрінеміз — үмітіңіз бен сеніміңізді ақтаймыз».
Бәрі бірге
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.
Өнерлі өрендер
Фортепианода Елхан мен Айымгүлдің орындауында этюд.