Әдіс - тәсіл: іздену, топтық дәлелдеу, жеке пікір тудыру

Химиялық реакцияның типтері (слайд түрінде)

Бұл сабақта оқушылар атом және молекула туралы алған білімдеріне сүйене отырып, реакция теңдеулерін теңестіру арқылы зат массасының сақталу заңын дәлелдейді. Сондай-ақ реакцияға кіріскен және түзілген заттардың құрамына қарай олардың ерекшеліктерін анықтап, химиялық реакцияларды жіктеудің негізгі қағидаларын меңгереді.

Мақсаты

  • Реакция теңдеуін теңестіру арқылы зат массасының сақталу заңын дәлелдеу.
  • Реакцияға кіріскен және түзілген заттардың құрамдық ерекшеліктерін ажырату.
  • Химиялық реакцияларды ортақ белгілеріне қарай жіктеуді үйрену.

Әдіс-тәсіл

  • Іздену жұмысы
  • Топтық дәлелдеу
  • Жеке пікір қалыптастыру

Құрал-жабдықтар

  • Темір (ұнтақ және шеге)
  • Мыс(II) хлориді ерітіндісі
  • Темір хлориді
  • Мыс пластинка
  • Химиялық ыдыстар, үлестірмелер

Сабақтың түрі

Ұжымдық және проблемалық оқыту.

Қызығушылығын ояту

  • Оқушылар қиындылардан формула құрастырып, жұптарын табу арқылы топтарға бөлінеді.
  • Сергіту жаттығуы арқылы білімді жүйелеу.

Нұсқаулық (қозғалыс арқылы жауап беру)

Химиялық диктанттағы көп нүктенің орнына «атом» сөзі сәйкес келсе — қолды алға созыңыз. «Молекула» сөзі сәйкес келсе — қолды жоғары көтеріңіз. Қателескен оқушыға жетон беріледі.

Химиялық диктант

  1. Ауадағы газдардың құрамына оттегінің молекуласы кіреді.

  2. Су молекуласы оттегі және сутегі атомдарынан тұрады.

  3. Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант молекуласына байланысты.

  4. Оттек суда ерігенде, оттегі молекулалары судың молекулаларының арасына орналасады.

  5. Қант молекуласының құрамына оттегі және сутегі атомдарынан басқа көміртек атомдары да кіреді.

  6. Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден бөлініп жатқан иод молекулаларына байланысты.

  7. Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек молекуласына байланысты.

Қосымша сұрақтар

Талқылау сұрақтары

  1. Химиялық теңдеуді жазу не үшін қажет?
  2. Теңдеуді қандай заңға сүйеніп құрастырамыз?
  3. Берілген тәжірибе арқылы қандай заң дәлелденеді? (Зат массасының сақталу заңы.)

Негізгі ой

Осы сұрақтар арқылы оқушылар көптеген химиялық реакциялармен танысатынын, әр реакцияның өзіне тән ерекшелігі болатынын және оларды тиімді оқып-үйрену үшін ортақ белгілеріне қарай жүйелеу қажет екенін түсінеді.

Мағынаны тану

Проблемалық сұрақ

Қандай белгілеріне қарап химиялық реакцияларды жүйелеуге болады?

Оқушылардың ықтимал жауаптары:

  • Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі
  • Газдың түзілуі
  • Қатты немесе сұйық заттың түзілуі

Топтық ізденіс жұмысы

  • Топтарға жеке тапсырмалар жазылған үлестірмелер таратылады.
  • Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, жұмысын қорғайды.

Ой толғаныс (қорытынды)

Ізденіс жұмысының нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияларды типтерге жіктеуде негізгі белгі ретінде әрекеттесуші заттар мен түзілген заттардың құрамының өзгеруін алатынын қорытындылайды.