Кім алғыр, кім шапшаң

Сабақтың мақсаты

  • Математикалық ұғымдарды ажырату және амалдарды шапшаң орындау машықтарын жетілдіру үшін ойын түрлерін тиімді қолдану.
  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; шапшаң ойлау және өз ойын дәлелдей алу қабілеттерін дамыту.
  • Белсенділікке және білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Топтық сайыс

Әдіс-тәсілдер

Топпен жұмыс, жарыс, көрнекілік

Көрнекі құралдар

Ойын атаулары, конверттер, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (сұрақ-жауап)

Мұғалім:

  • Екі көз не үшін керек?
  • Екі құлақ не үшін керек?
  • Екі қол не үшін керек?
  • Екі аяқ не үшін керек?
  • Бас не үшін керек?
  • Олай болса, бүгінгі сабақ қандай сабақ?

Оқушылар:

  • Жақсыларды көру үшін.
  • Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
  • Елге көмек беру үшін.
  • Туған жерге жету үшін.
  • Есеп шығару үшін.
  • МАТЕМАТИКА

2) Сабақтың мақсатын қою

Бүгінгі сабақта осы уақытқа дейін өткен математикалық ұғымдарды қаншалықты меңгергенімізді тексереміз. Оқушылар 3 топқа бөлініп, жарыс түрінде тапсырмалар орындайды.

3) Таныстыру

І топ: Азамат

Ұран

Кел, балалар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық, Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық!

ІІ топ: Әділет

Ұран

Ой-арманын кешеміз, Ақылды боп өсеміз. Есепке тұнған әлемнің, Жұмбақ сырын шешеміз.

ІІІ топ: Бірлік

Ұран

Мақсатымыз — білім алу, Міндетіміз — еңбектену, Есепті тез шығарып, Жеңіске қол жеткізу.

4) Сайыс

1-тур: «Кім алғыр, кім шапшаң?»

Топтық жұмыс • Тақтада орындау

Үш топқа үш конверт беріледі. Әр топтағы барлық оқушы кезекпен тақтаға шығып, берілген есептерді орындайды. Тапсырмалар тексеріліп, қорытынды шығарылады.

Мысалдар

2 + 3 =
6 − 3 =
4 − 2 =
5 + 3 =
9 − 3 =
10 − 3 =
8 + 2 =
10 − 6 =

2-тур: «Жоғалған амалдар»

Логикалық ойлау • Белгі таңдау

Әр топқа теңдіктер беріледі. Теңдіктің ортасында қандай амал таңбасы қойылуы керегін (+ немесе ) оқушылар анықтайды.