Жақсы сөз - жан азығы
Тәрбие сағатының мазмұны
Тақырыбы
«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»
Түрі
Аралас
Көрнекілігі
- Үлгі сөздер мен нақылдар
- Адамгершілік тәрбиесі кестесі (көріністер, оқушылардың көмегімен)
Мақсаты
Білімділігі
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне қатысты білік-дағдыларын қалыптастыру және осы бағытта өзге елдердің салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы
Жалпы адамгершілік қасиеттерді дамыту; сабақ әдістерінің бірі ретінде тіл дамытуға баса назар аудару. Нақыл сөздердің мағынасын, тәрбиелік қырын талдап, саралау.
Тәрбиелілігі
Адамгершілік тәрбиеге назар аудару арқылы сәлемдесу әдебінің маңызын ашып, ізгі қасиеттерді қалыптастыру.
Жоспар
- Кіріспе: «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді».
- Әр елдің салты басқа: амандасу түрлерін айтып, көрсету.
- Ишарат — ым, қарым-қатынас: тренинг.
- Жақсы сөз — жан азығы: нақыл сөздерге талдау.
Көрнекі ойлар мен түйінді тұжырымдар
Нақылдар
- Сәлем — сөздің анасы.
- Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз.
- Отан — отбасынан, тәрбие — құлақтан.
- Сәлем беру — өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Өлең жолдары
Әссалаума әлейкум — деп дидар несіп еткенде,
Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның,
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе!
Сәлемдесудің мәні
Әдеп пен мәдениет амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні — алдымен адамның кейіп-кескінін танып, болмысын байқау; өзіңе деген ықыласты сезіну; жылы тілек арқылы ниетті білдіру; аман-есен жүздескеніне қуану және көңілдің ақ, адал екенін аңғарту.
Күнделікті әдеп
Үйге сырттан кірген адам, жасы қаншада болса да, отырғандарға сәлем беруі тиіс.
Ұлттық құрмет
Қауышып, қол алысып амандасу — ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түрлерінің бірі. Жастар кейде қол алысып, арқа мен иық қағысып та амандасады.
Қыздар бір-бірімен құшақтасып, беттен сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен-саусыз ба?» деп амандасады.
Әр елдің салты басқа: амандасу мәдениеті
Мұсылман елдеріндегі сәлем
Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары, басқа да мұсылман елдері сияқты, «Ассалаумағалейкум» деп амандасады. Бұл «Сізге Алланың нұры жаусын» дегенді білдіреді. Жауап ретінде айтылатын «Уағалейкум ассалам» — «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» деген мағына береді.
1-оқушы: Жапон дәстүрі
Жапондар таныстарын көргенде алдымен қолын беліне апарып, кейін иіліп тізесіне дейін түсіреді. Еңкейген күйде мейірімді жүзбен назар салады. Оларда иілу деңгейіне қарай бірнеше түрі бар: терең иілу, орташа бүгілу, жеңіл иілу.
Бұған ұқсас сәлем беру біздің халқымызда да кездеседі: қазақ келіндері қайын ата-енесіне және үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады.
2-оқушы: Тағзым арқылы амандасу
Ертеде Африкада, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрек тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандасқан. Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл «Басымыз аман болсын» деген ишара.
3-оқушы: Қытайдағы көне үлгі
Ерте кезде Қытайда дос-жаранмен амандасудың бір түрі — өз қолын өзі қысып сәлемдесу болған.
4-оқушы: Француздар және өзге әдеттер
Француздар кейде бір-бірін маңдайынан сүйіп амандасады. Кейбір халықтар өзара мұрындарын тигізіп, сипасып немесе бір-бірін иіскеп амандасатын дәстүрді ұстанады.
5-оқушы: Түрік дәстүрі
Түріктер қол алысып амандасады. Көптен көрмеген, аса сыйлы адамдардың қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады; кейде оң және сол маңдайларын түйістіріп құрмет көрсетеді.
6-оқушы: Хал-ахуал сұрасу әдебі
Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу — әдептілікке, көрегендік пен естілікке жатады. Бұл тұрғыда да халықтарда әртүрлі қалыптасқан жора-жосын бар.
Орыстар
«Денсаулығыңыз қалай?»
Ежелгі мысырлықтар
«Қалай, сіз терлейсіз бе?»
Қытайлықтар
«Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?»
Сондай-ақ дәстүр бойынша ұзақ сапардан келген ағайынға жұрт жиналып амандасқан, ал алыс жолға аттанғалы тұрған адамға «Жол болсын!» деп тілек айтқан. «Алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сәлем береді» деген мақал — соның айғағы.
Жақсы сөз — жан азығы
Нақыл сөздер
- Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
- Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше.
- Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз.
- Сыпайылық — жан азығы, көрегендік — ой қазығы.
- Отан — отбасынан, тәрбие — құлақтан.
- Айтар сөзің қандай болса, еститін сөзің де сондай болар.
Талқылау бағыты
Осы нақыл сөздердің мағынасын ашып, өмірмен байланыстыра талдау: сәлемдесу — қарым-қатынастың бастауы; сөз мәдениеті — адамның ішкі тәрбиесінің айнасы; ізеттілік — қоғамдағы өзара сенімнің тірегі.
Қорытынды
Сәлем беру — өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Бұл ойды мақал-мәтел арқылы түйіндеп, жасырын тұрған нақылды тауып, тақырыпты қорытындылауға болады.
Сұрақ-жауап
- 1-сұрақ. Ғасырдың ұлы оқиғасы?
- Тәуелсіздік.
- 2-сұрақ. Дау-дамай туғызған шығарма?
- «АзиЯ» (О. Сүлейменов).