Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ

Сабақтың тақырыбы

Етістіктің шақтары

Білімділік мақсаты

Етістіктің шақтары бойынша алған білімді жинақтау және тиянақтау.

Дамытушылық мақсаты

Өз бетімен салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы дәлелдеу дағдыларын арттыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Етістіктің шақтарының табиғатын терең түсініп, оларды орынды қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі:
қайталау
Сабақтың әдістері:
сұрақ-жауап, салыстыру, сәйкестендіру, тест, топтастыру

Қамтамасыз ету

Көрнекілігі:
сызба, кесте, сурет, техникалық құралдар
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, ән, бейнелеу өнері

Сабақтың жүру барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсат-міндетін нақтылау.

  2. 2) Үй тапсырмасын пысықтау

    Мұғалім сөзі

    Бүгінгі сабағымыз — ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтары бойынша өткенді қайталап, тақырыпқа қатысты алған білімімізді көрсетеміз. Сабақ бөлімдері арқылы өз білімдеріңізді дәлелдеп, білім шыңына көтерілуге тілектеспін.

Біліміңді байқап көр

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, етістіктің шақтары туралы түсінігіңді нақтыла.

  • 1 Етістіктің шақтары дегеніміз не?
  • 2 Шақтың қандай түрлері бар?
  • 3 Осы шақ дегеніміз не?
  • 4 Нақ осы шақ қалай жасалады?
  • 5 Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
  • 6 Ауыспалы өткен шақ пен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
  • 7 Келер шақ деген не?
  • 8 Келер шақтың қандай түрлері бар?
  • 9 Келер шақ қалай жасалады?
  • 10 Өткен шақтың қандай түрлері бар?

Тақтамен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқу.
  • Мәтінге ат қою: «Партизан достарым».
  • Етістіктерді тауып, шақ түріне қарай ажырату.

Шақтарды ажырату (үлгілер)

Бардым
жедел өткен шақ
Кетеді
ауыспалы келер шақ
Бердім
жедел өткен шақ
Қалыппын
бұрынғы өткен шақ
Тыңдайсың
ауыспалы осы шақ
Елестейді
ауыспалы осы шақ

Ескерту: бастапқы мәтіндегі кейбір жіктеу атаулары біріздендіріліп, орфографиясы түзетілді.

Кім жылдам?

Берілген етістіктерді жекеше және көпше түрде жікте.

алып келді келе жатыр оқытты күледі жылайды тыңдайсың

Кітаппен жұмыс

159-жаттығу

Мәтінді оқып, мазмұндау.

Шығармашылық тапсырма

Берілген сурет бойынша өлең немесе әңгіме құрастыр. Тірек сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтыр.

Тірек жолдар

  • .................................................. ойнайды
  • .................................................. тоймайды
  • ..................................................
  • .................................................. алмады

«Болмасаң да ұқсап бақ»

Кез келген затты, жан-жануарды немесе табиғат құбылысын қимыл-іс-әрекет арқылы бейнеле. Бейнеленген іс-әрекеттің қай шақта тұрғанын анықтап айт.

Мақал-мәтел

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1)

Ақыл көпке жеткізер ........................................

2)

Анаға қарап қыз өсер ........................................

3)

Үй артына жар ........................

Семантикалық кесте

Сөйлемдердегі етістіктің шақ түрін анықтап, кестеге белгіле.

Сөйлем Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Асан мен Үсен ескі жұртта қалды. +
Асан мен Үсен далада ойнады. +
Балалар сабақ оқып отыр. +
Асан далада қалғанына жылады. +
Оқушылар кеше сабаққа келмеді. +
Арай қалаға бармақшы. +
Олар ертең қалаға кетеді. +
Үсен Асанды жұбатып отыр. +
Бәрін де ұмытып қалыппын. +
Алыстан сағым елестейді. +

Тест

Етістіктің шақтарын ажыратуға арналған тапсырмалар орындалады.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындау белсенділігіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Кім болам?» тақырыбында «Мектептес достар» туралы шығарма жазу.