Әліппе дәптердегі сөздерді оқу

№6 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Тайжанова Жұлдыз Маралқызы

Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: Ё дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • 1) Балаларды Ё дыбысы мен әрпімен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту.

  • 2) Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, буын туралы түсініктерін кеңейту.

  • 3) Балалардың білімге, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер

қоржын тақырыпқа қатысты суреттер текшелер DVD слайд-шоу әліппе-дәптер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлеметсіңдер ме, балалар!

— Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізде қонақтар бар.

II. Өткен сабақты қайталау

Сұрақ–жауап

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Ф
Ф дыбысы бар сөздер:
те-ле-фон, фа-кел, фо-кус, бу-фет және т.б.

Бүгін біз тағы бір жаңа дыбыспен танысамыз.

III. Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс (ойыншық — матрёшка)

  • — Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
  • — Ойыншық не үшін қажет?
  • — Матрёшка қандай материалдан жасалады?
  • — Оларды қалай жинайды?
  • — Өздеріңе ұнайтын ойыншық түрлерін кім атап береді?
Өлең

Матрёшка

Матрёшкалар сүйкімді,

Бірінен бірі аумаған.

Бояуы сырлы мың түрлі,

Көрсеңіз, көзді жаулаған.

Жаңа дыбысты анықтау

— Ал мына суреттен қай мамандық иесін көріп тұрсыңдар?

Жауап: шахтёр

— Осы сөзді буынға бөлейік: шах-тёр.

— Бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

Жауап: Ё

Негізгі түсінік

Ё дыбысы екі дыбыстың (й + о) бірігуі арқылы жасалады және Ё әрпімен таңбаланады.

Ескерту: Ё дыбысы қазақ тіліндегі төл сөздерде сирек кездеседі.

Текшелермен жұмыс (дыбыстық талдау)

«Мон-тёр» сөзіндегі дыбыстарды текшелермен белгілейміз.

  • — Сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
  • Жауап: 2 дауысты, 4 дауыссыз.
  • — Неше буыннан тұрады?
  • Жауап: 2 буын.
  • — Неге?
  • Жауап: Себебі құрамында екі дауысты дыбыс бар.

Оқулықпен жұмыс

Әліппе-дәптердегі буындарды оқимыз:

тёр дёр рёш

DVD дискіден слайд-шоу көрсетіледі.

Қол жаттықтыру (жазу жұмысы)

Әліппе-дәптердегі Ё әрпінің таңбасын бастырып жазамыз.

Түсіндіру: жазылуы Е әрпіне ұқсайды, бірақ үстіне екі нүкте қойылады.

IV. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалысқа негізделген қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

V. Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген шағын мәтінді оқып беремін.

Талдау сұрақтары

  • — Мәтін не туралы?
  • — Қай сөздерде Ё дыбысы кездеседі?
  • — Мәтінде кім туралы айтылған?
  • — Актер мамандығы туралы не білесіңдер?
  • — Қандай актерлерді білесіңдер?
  • — Актер болғыларың келе ме?

Суретке мұқият назар аударайық: бұл адамдар — актерлер мен актрисалар. Олар өздерінің актерлік шеберлігі арқылы ел құрметіне бөленген. Сендер де жақсы оқып, тәртіпті болсаңдар, осындай танымал азамат бола аласыңдар.

VI. Ой дамыту жұмысы

Атауларды оқып, оларды суреттерімен сызықша арқылы байланыстырамыз. Содан кейін бұл заттарды ортақ қандай атаумен атауға болатынын анықтаймыз.

қуыршақ робот матрёшка

Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос»

Қоржынға буындар салынады. Балалар буындардан сөз құрастырып, оны дауыстап оқиды, кейін сол сөзбен сөйлем құрайды.

VII. Қорытынды

  • — Бүгін қай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?
  • Ё дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
  • Ё әрпінің таңбасы қай әріпке ұқсайды?

VIII. Үй тапсырмасы

  • Әліппе-дәптердегі сөздерді оқу.
  • «Актер» туралы өлеңді жаттау.