Ана тілі - Біздің ана тіліміз қай тіл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердешева Жадыра
Сабақтың тақырыбы
Зат есім
Білімділік
Зат есім туралы кең түсінік беру; сөйлем ішінде зат есімді ажырата білуге, сұрақ қоюға үйрету; сабаққа ынта-ықыласты арттыру.
Дамытушылық
Ақыл-ой мен логикалық ойлау жүйесін дамытуға бағытталған жаттығулар орындау; сөздік қорын, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға және әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекілік және байланыс
Көрнекілік
Интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар жинағы.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылар тақтадағы ребусты шешеді. Шыққан сөз: «Ана тілі». Әңгіме ана тіліміздің қазақ тілі екені туралы өрбиді.
Тіл туралы өлең шумағы
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім.
Оқушылар ана тілінің қадірі мен оны құрметтеу жайлы қорытынды жасайды.
II. Ой қозғау
Суретті плакатпен жұмыс
Сөз таптары туралы өткен білім еске түсіріледі: зат есім, сан есім, етістік.
Сөйлем құрау
Мынау алма.
Алма тәтті, қызыл.
Ағашта бес алма өсіп тұр.
III. Жаңа сабақ
Ребус шешу арқылы тақырып анықталады: «Зат есім». Интерактивті тақта арқылы ереже талқыланып, оқушылармен бірге қорытындыланады.
Ой ашар: «Ол кім? Бұл не?»
Жекелеген заттардың суреттері көрсетіліп, оларға «Кім?» және «Не?» сұрақтары қойылады. Оқушылар сұрақтардың қолданылу үлгісін өздері тұжырымдап, ереже шығарады.
Жұмбақ шешу
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап
Жіп-жіңішке денесі, Ортасында инесі.
Жауабы: қалам
«Кітап», «қалам» сөздеріне сұрақ қойылып, оларды қатыстырып сөйлем құрастырылады.
Сергіту сәті
Қозғалыс жаттығулары орындалады.
Поэзия минуты
Тіл туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтылады.
Оқулықпен жұмыс
284-жаттығу (ауызша)
Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қою. Құстардың атын қатыстырып сөйлем құрау.
288-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу және жалқы есімді табу.
Түсіндірме
Өлке — туып-өскен жер, Отан.
Дәптермен жұмыс
285-жаттығу
Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Мысал: Әже ертегі айтып отыр.
286-жаттығу (өздік жұмыс)
Көп нүктенің орнына қажетті зат есімдерді қойып, мәтінді көшіріп жазу. Соңында оқушылар бірін-бірі тексереді.
Қайталау сұрақтары
- «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
IV. Ой толғау және пысықтау
Плакатпен жұмыс арқылы «зат есім» туралы алған білім жинақталады. Оқушылар жауаптары «гүл шоғы» тәсілімен бағамдалады (әр дұрыс жауап — «бір гүл»).
V. Сабақты бекіту
Біз өз тілімізді ана тілі дейміз, өйткені ол анамыздың ақ сүтімен дариды. Осы тіл арқылы бойымызға ізгі қасиеттер сіңеді. Сондықтан ана тілімізді шұбарламай, қазақ тілінде таза сөйлеп, тілімізді құрметтеп, сүюіміз керек.
Тапсырма 1
Тест тапсырмаларын орындау.
Тапсырма 2
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларға қатысуы, жауаптарының дәлдігі және жазба жұмысының сауаттылығы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
287-жаттығу.