Visual Basic бағдарлама ортасын жүктеу

Сабақтың мақсаты мен ұйымдастыру

Мақсаты

  • Білімділік: жаңа жоба (проект) құру, жобаны сақтау және негізгі түсініктерді анықтау.
  • Тәрбиелік: компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.
  • Дамытушылық: бағдарламалау дағдыларын жетілдіру.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың типі
Лекция
Сабақтың әдісі
Түсіндірме, сұрақ-жауап
Бағдарламалық жабдықтама
Microsoft Visual Basic 6.0

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыны сабаққа бейімдеу және сабақ мақсатымен таныстыру: Visual Basic бағдарламалау ортасымен танысу, жаңа жоба құру, пішін (форма) қосу және өшіру, жобаны сақтау әрекеттерін меңгеру.

Жаңа сабақты баяндау: Visual Basic ортасымен жұмыс

1) Visual Basic бағдарламасын іске қосу

Visual Basic 6.0 ортасын келесі жол арқылы жүктеңіз:

Пуск → Программы → Microsoft Visual Basic 6.0 → Microsoft Visual Basic 6.0

Іске қосылғаннан кейін үш нұсқаны көрсететін терезе ашылады: Standard (стандартты), Existing (қолданыста бар), Recent (бұрын ашылған).

Жаңа жоба құру

Новое → Стандартный EXE → Открыть

Қолданыста бар жобаны ашу

Существующее → Қажетті буманы ашу → Қажетті жобаны таңдау → Открыть

Бұрын қолданылған жобаны ашу

Прошлое → Қажетті жобаны таңдау → Открыть

Ескерту: «Объект қосу терезесі» арқылы жаңа жоба құруға немесе бұрын жасалған жобаны ашуға болады.

2) Visual Basic бағдарламалау ортасының интерфейсі

Visual Basic ортасы бірнеше негізгі терезеден (элементтен) тұрады. Әр терезе жобаны құрастыру мен басқаруға көмектеседі.

  • 1. Басқару элементтері тақтасы — басқару элементтерін (батырма, өріс, т.б.) орналастыруға арналған.
  • 2. Жоба (Project) сілтеуіші — жобаның құрамындағы объектілер тізімі (формалар, модульдер).
  • 3. Қасиеттер терезесі (Properties) — таңдалған объектінің қасиеттерін өзгерту.
  • 4. Код терезесі — командалар мен оқиғалар өңдеушілерін енгізу.
  • 5. Пішін (форма) құрастыру терезесі — форма, модуль және басқа элементтерді құрастыру/орналастыру.

Егер қандай да бір терезе экранда көрінбесе

Оны Вид (Түр) мәзірі арқылы қайта белсенді етіңіз:

  • Вид → Панель инструментов
  • Вид → Проводник проекта
  • Вид → Окно свойств
  • Вид → Окно размещения формы
  • Вид → Окно неотложного

3) Жобаны сақтау (Project сақтау тәртібі)

Visual Basic-та жоба жеке файл ретінде, ал жобаның әр элементі (мысалы, форма немесе модуль) бөлек файл ретінде сақталады. Алғаш рет сақтағанда барлық элементтерге атау беріледі.

Тәжірибелік кеңес

Бір жобада бірнеше элемент болуы мүмкін, сондықтан әр жоба үшін жеке бума (папка) құрып сақтаған ыңғайлы.

Бір формадан тұратын жобаны сақтау

  1. Файл → Сохранить как
  2. Жаңа папка құру → атауын енгізу (Enter)
  3. Құрылған папканы ашу
  4. Форма (Form) атауын беру
  5. Жоба (Project) атауын беру

Өңделген жобаны қайта сақтау

Жобаны ашып, өңдегеннен кейін қайта сақтау үшін Сохранить проект батырмасын басу жеткілікті немесе:

Файл → Сохранить

4) Ортаның элементтерімен жұмыс

Бағдарламалау ортасының элементтері — жобаны құрастыруға, басқаруға және ақпарат көрсетуге арналған шағын терезелер.

Проект сілтеуіші (Project Explorer)

Бұл терезе объектілер тобын көрсетеді: формалар (Forms) және модульдер (Modules).

Жаңа объект қосу (мысалы, форма)

Проект → Добавить форму → форма шаблонын таңдау → Открыть

Объектіні таңдау және терезесін ашу

Project терезесінде объект атауын екі рет шертіңіз немесе Показать объект батырмасын басыңыз.

Объект коды терезесін ашу

  • Объектінің жанама (контекстік) мәзірінен Показать код таңдау.
  • Project Explorer терезесіндегі Показать код батырмасын басу.

Жобадан объектіні өшіру

Объектінің жанама мәзірінен Удалить пәрменін таңдаңыз.