Сабақтың тақырыбы. Сабақ әдісі

Сабақтың тақырыбы

«Фариза — поэзия гауһартасы»

Сабақтың мақсаты

Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылық кезеңдері мен қызмет жолына арналған поэзиялық отырыс өткізу.

Сабақ әдісі

Ізденіс сабағы.

Көрнекіліктер

  • Видео сюжеттер
  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта

Сабақ барысы

Кіріспе ой

Құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар! Қадыр ақынның:

«Ана тілің — арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте», —

деген өсиеті бүгінде де мәнін жойған жоқ. Сонымен қатар, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағытына арналған «Қазақстан — 2050» Жолдауында қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға кірігу тілі екені айтылып, үш тілді меңгерген бәсекеге қабілетті ел қалыптастыру идеясы ұсынылған. Осы мақсатқа үн қосу үшін «Фариза — поэзия гауһартасы» атты поэзиялық отырыс ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі отырыста Фариза Оңғарсынованың өмірі, өлеңдері және қызмет кезеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылады.

Өмірбаяны

  • Қазақ тілінде
  • Орыс тілінде
  • Ағылшын тілінде

Өлеңдер оқу бөлімі

Әр тілде оқылатын өлеңдер тізімі:

Қазақ тілінде

  • «Өлең, мен сені аялап өтем»
  • «Нарын»
  • «Маңғыстау»
  • «Анама»
  • «Мен біртүрлі адаммын»
  • «Оюлар»

Орыс тілінде

  • «Стихи не стареют»
  • «Когда родится слово»
  • «Нарын»

Ағылшын тілінде

  • “Poems Do Not Age — Poets Age”
  • “Boy in a Skirt”
  • “We Go”
  • “We Are Not Little”
  • “Earth’s Population — One Third”
  • “Knot Tightening: Modernity and Antiquity”

Қорытынды

Жыр жолдары

«Ақиқаттың өзі еді,
Алты Алаштың сөзі еді.
Айбыны еді елімнің,
Айбары еді жерімнің…»

— жас ақын Бауыржан жырлағандай.

Түйін сөз

Шерхан Мұртаза айтқандай, аяулы Фариза — ақын Фариза — қазақ елі үшін мәңгі тірі. Ол жыр сүйер қауымның жүрегінде. Осы оймен поэзиялық отырысымызды аяқтаймыз.