Өнерлі өрге жүзер тақырыбына шағын шығарма жазу
6-сынып. Әдебиет
Сабақ тақырыбы: «Біржан сал Абай аулында» (Біржан мен Абай ұқсастығы)
Сабақ мақсаттары
- Білімдік: көркем шығарманың мазмұнын меңгерту; оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, талдай білуге баулу.
- Дамытушылық: теориялық білімді практикамен ұштастыру; шығармашылық ізденіске жетелеу.
- Тәрбиелік: қазақтың салт-дәстүрін таныту; ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- СТО стратегиялары
- АКТ/СКТ қолдану
- Сұрақ-жауап
- Баяндау, түсіндіру
- Іздендіру
Сабақ түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Көрнекіліктер: Абай мен Біржан портреттері
Эпиграф
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..»
Психологиялық дайындық: Жүсіпбек Елебековтің орындауындағы Біржанның «Жанбота» әнін тыңдау.
I. «Не білеміз?»
1) Мазмұндық жоспар бойынша баяндау
- Абай аулының қадірлі, сыйлы қонақтары
- Ән тербеген Абай
- Біржан салған «Жанбота» әні
- Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»
- Біржан шәкірттері
- Әйгерімнің әні
- Ұлжанның Біржанға бата беруі
- Біржанның Абай ауылынан аттанып кетуі
2) Өткен сабақпен тақырыптық байланыс
«Зымыран сұрақтар»1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты?
Жауабы: Телғара
2. «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын», — деп Абай Біржанға кімді жұмсады?
Жауабы: (мәтін бойынша нақтылау)
3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» — кімнің сөзі?
Жауабы: Біржан
4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол — ол кемшілік емес!» — кімнің сөзі?
Жауабы: Абай
5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап, Бар ма еді статьяда көрген жерің?...» — деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді?
Жауабы: Біржан, «Жанбота»
6. Шығармадағы типтік образды ата.
Жауабы: Абай
7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан?
Жауабы: қонақжайлылық, бата беру
8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім?
Жауабы: Ұлжан
9. «Керімбала: “Тағы бір ауыз!” — деп еді. Оралбайға: “Тағы! Тағы!” — деп Біржан да ықыласпен айтты.» (диалог)
Ескерту: диалог арқылы кейіпкер мінезі мен көңіл күйін таныту.
10. Біржанның сұрауы бойынша қоштасарда жастар айтқан ән?
Жауабы: «Жиырма бес»
II. «Не білгіміз келеді?»
Тұлғалар туралы қысқаша дерек
- Біржан сал Қожағұлұлы
- 1834–1897
- Абай Құнанбайұлы
- 1845–1904
1) Біржан мен Абайды жақындатқан ортақ қырлар
2) «Тұжырым кестесі» бойынша жұмыс
Шығарма мәтінінен Абай мен Біржанға қатысты іс-әрекеттерді тауып жазып, сол әрекеттер арқылы кейіпкердің адами қасиетін бағалаңдар.
| Кейіпкер | Іс-әрекеті (мәтіннен) | Адами қасиеті (қорытынды) |
|---|---|---|
| Абай | Оқушылар толықтырады | Оқушылар анықтайды |
| Біржан | Оқушылар толықтырады | Оқушылар анықтайды |
3) М. Әуезовтің «Біржан сал Абай аулында» әңгімесіне сатылай кешенді талдау
-
Тақырыбы
Оқушылар талдайды
-
Авторы
Мұхтар Әуезов
-
Кейіпкерлері
Оқушылар анықтайды
-
Портреттері
Мәтіннен дәлел келтіру
-
Көркемдеуіш құралдар
Эпитет, теңеу, метафора, диалог, мақал-мәтелдер (мәтіннен табу)
III. «Не білдік?»
Топтастыру сұрақтары
- Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе?
- Өнердің қандай түрлерін білеміз?
- Абай мен Біржан өнері бүгінге қалай жетті? Оны жеткізген кімдер?
- Мектепте өнер насихаттала ма? (үйірмелер туралы әңгіме)
- Бізге өнерлі болуға мүмкіндік бар ма?
Өнер түрлері
Жеткізгендер: Оралбай, Әмір, Әкімқожа, Балбала, Үмітей, Керімбала.
Қорытынды ой
- • Өнерліге өріс кең.
- • Өмірде кең бол, өнерде өр бол.
- • Өнерге қызығу — орынды, қызғану — күнә.
- • Өнер бәйгесі үнемі тігулі.
- • Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді.
Абай мен Біржан өнердің құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін арттыра білді. Біз де кейінгі ұрпақ ретінде өнерді сүйіп, қастерлеуді үйренуіміз керек.
Үй тапсырмасы
«Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Автор туралы
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Тоганакова Рабига Сүлейменқызы.