Жақсы сөз

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен студенттер! 22 қыркүйекте аталып өткен Тіл мерекесімен құттықтай отырып, осы мерекеге өз үлесімізді қосу және студенттердің тілге деген құрметін арттыру мақсатында «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген «Тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Жүргізуші сөзі

Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

— Әбділдә Тәжібаев

Ақын жырлағандай, тіл – қай ел үшін де қастерлі, құдіретті ұғым. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың абзал борышы.

Тәуелсіз елдің келешегі – жас ұрпақ. Оларды парасатты, білімді, іскер, қабілетті, отансүйгіш әрі ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық.

Өлең шумақтары

Ана тілім – қазақ тілім, туған тілім,
Қасиетті тілімнің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер, адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілім – дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ойын: «Ұйқасын тап»

Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, тілдің құдіретін дәлелдеңіз.

  1. 1. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
  2. 2. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
  3. 3. Тілмен байланған тіспен шешілмес.
  4. 4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
  5. 5. Жақсы сөз — жарым ырыс.
  6. 6. Тіл — адам ойының айнасы.
  7. 7. Тіл қылыштан да өткір.
  8. 8. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
  9. 9. Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
  10. 10. Айтылған сөз атылған оқпен тең.
  11. 11. Бал тамған тілден у тамар.
  12. 12. Көп сөз — бос сөз.
  13. 13. Көп сөз — күміс, аз сөз — алтын.
  14. 14. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.
  15. 15. Таза сөйлеу — биік мәдениеттілік.
  16. 16. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
  17. 17. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

Қорытынды сөз

Мұғалім: Қалың елім, қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім, жайқала өсіп орман бол.
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Ана тілін құрметтеу — тек сөзбен емес, күнделікті қарым-қатынаста сауатты, таза, мәдениетті сөйлеумен көрінетін жауапкершілік. Мемлекеттік тілдің мерейін өсіру — бәрімізге ортақ міндет.