Шайдың отаны
Технология пәні • 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бутербродтар. Бутерброд түрлері
Бұл сабақта бутербродтың мәні, түрлері, дайын өнімге қойылатын талаптар және дайындау технологиясы қарастырылады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға бутерброд туралы түсінік беру, олардың түрлерін атау, дайын бутербродқа қойылатын талаптармен және дайындау технологиясымен таныстыру.
Дамытушылық
Оқушыларды өз бетімен тағам түрлерін әзірлеуге үйрету арқылы аспаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Ас мәзірін ережеге сай құруға баулу, жеңіл тағамдарды дайындау үлгілерін меңгерте отырып ұқыптылыққа, әсемдікке, өз бетінше еңбек етуге және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Сабақтың әдісі
- Түсіндірмелі, машықтық
Қажетті құрал-жабдықтар
- Слайд материалдары
- Бутерброд түрлерінің үлгілері
- Тақтай
- Пышақ
- Тәрелкелер
- Сулық, сүлгі
- Бутербродқа қажетті азық-түліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу
- Сынып тазалығын тексеру
- Оқушылардың құралдарын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
III. Үй тапсырмасын тексеру
«Сиқырлы тастар» ойыны арқылы сұрақ-жауап түрінде тексеріледі.
- Ыстық сусын түрлері қандай?
- Шайдың отаны қай ел?
- Какаоны Еуропаға Оңтүстік Америкадан алғаш кім жеткізді? Қай жылы?
- Кофенің отаны қай жер?
- Шай құрамындағы кофеин мөлшері қандай?
- Ыстық сусындарға қойылатын талаптар қандай?
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабаққа кіріспес бұрын, күнделікті дастарханымыздың сәні болатын негізгі тағамды еске түсірейік: ол — нан. Нан — ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі. Осы тақырып бүгінгі сабақтың өзегіне айналады, өйткені бутербродтың негізгі құрамдас бөлігі — нан.
«Бутерброд» атауы неміс тілінен шыққан және «май жағылған нан» деген мағынаны білдіреді. Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы асқа, түскі асқа немесе кешкі асқа жылдам әзірлеуге болады. Сондай-ақ қала сыртындағы серуендер мен саяхаттарда алып жүруге өте ыңғайлы.
Қолданылатын азық-түлік түрлері
Бутерброд дайындауда көптеген азық-түлік қолданылады. Әсіресе шикі көкөністермен толықтыру кең таралған:
- қызанақ
- жас қияр
- тұздалған қияр
- шалғам
- салат жапырақтары
- аскөк
- петрушка
- балдыркөк
Дайын өнімге қойылатын негізгі талаптар
- Нан тілімдерінің қалыңдығы 10–15 мм болуы керек.
- Нан тілімдері бірдей қалыңдықта кесілуі тиіс.
- Қара нанға майлы қазы, жая сияқты өнімдер жақсы үйлеседі.
Ұсыну және жеу әдебі
- Бутербродтарды ортақ тәрелкеден күрекше қасықпен алады.
- Сэндвичтерді шанышқы мен пышақтың көмегімен жейді.
- Канапені кішкентай семсер- таяқшалармен (шпажкамен) алып жейді.
Бутерброд дайындауға қажетті құралдар
- Нан кесуге арналған тақтай
- Өткір пышақ немесе кішкентай ара
- Шанышқы
- Май жағуға арналған басы домалақ пышақ