Галерея әдісі

Сабақ тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

Сынып: 8

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы түркі әлемінің ойшыл, дана тұлғасы — ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен таныстыру. «Қалқаман – Мамыр» поэмасының мазмұны арқылы жас ұрпақтың әдеби танымын кеңейту, шығарманы кеңінен насихаттау.

2) Дамытушылық

Өтілген материалды тиянақты меңгерту, жүйелі ойлауға және ойды әсерлі, дәл жеткізуге үйрету.

3) Тәрбиелік

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шәкәрім шығармашылығын насихаттау арқылы оқушыларды өнер-білімге баулу, адамгершілікке және имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты игеру сабағы.

Сабақ әдістері

  • «Галерея» әдісі
  • Сұрақ-жауап
  • Миға шабуыл
  • Түсіндіру
  • Әңгімелесу
  • Жазба жұмысы

Көрнекіліктер

Компьютер, видеопроектор, портреттер және қосымша материалдар.

Сабақ эпиграфы

«Өтіріктен тілін тия алмаған адам, арамдықтан ындынын тия алмайды».
— Шәкәрім

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпқа кіріп, сынып тазалығына назар аудару.
  • Оқушылардың қатысуын анықтау.
  • Үй тапсырмасын сұрау және бағалау.
  • Жаңа тақырыпты таныстыру, сабақты бекіту, үй тапсырмасын беру.

Жаңа педагогикалық технологияға сүйене отырып, мультимедиялық слайдтар қолданылады. Оқушылар компьютер арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, нәтижесіне қарай анимациялық «сыйлықтар» алады.

ІІ. Дамытушылық кезең: «Галерея» әдісі

Тақырыпты терең түсіну үшін оқушылармен «Галерея» әдісі қолданылады. Бұл тәсіл бір мезетте бірнеше мәселені кіші топтарда талқылауға мүмкіндік береді. Әр оқушы ортақ талқылауға қатысып, өз үлесін қосады. Сонымен қатар, бұл әдіс қысқа уақыт ішінде барлық оқушының белсенділігін және қатысуын бағалауға тиімді.

1-қадам: Мәселені ұсыну

Мұғалім әр топқа талқылайтын мәселе немесе тақырып береді. Мысалы:

  • Поэмадағы оқиғалық түйіндерді қазіргі өмірмен салыстыру.
  • Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық тұлғасына байланысты деректер.

2-қадам: Топтық жұмыс

Әр топ өзіне берілген мәселе бойынша жұмыс істейді. Талқылау уақыты әдетте 5–10 минут.

ІІІ. Қорытынды

Қорытынды жасау

Оқушылардың пікірлері жинақталып, негізгі ойлар нақтыланады.

Бағалау

Белсенділік, дәлелді жауап және топтық қатысу негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау.