Дайындау тәсілі

Құлпынай компоты (қыста сақтауға)

Бұл рецепт 3 литрлік банкаға арналған. Дайындау тәсілі өте жеңіл: жеміс қайнатылмайды, компот қайнаған суды екі рет құю арқылы әзірленеді. Тосап секілді көп шекер қажет емес — бір банкаға 200–220 г жеткілікті.

Қажетті өнімдер (3 л банкаға)

  • Құлпынай — 600 г
  • Шекер — 200 г (қалауыңызша 200–220 г)
  • Қайнаған су — шамамен 2,5 л

Әдістің мәні

1-құю

Жемістің үстіне қайнаған су құйып, қақпағын жауып 10–15 минут тұндырамыз.

2-құю

Сол суды қайта құйып алып, шекер қосып ерігенше араластырып, қайнағанда қайтадан банкаға құямыз да жабамыз.

Дайындау тәсілі

  1. 1

    Банкаңызды содамен ысқылап жақсылап жуыңыз. Қақпағын да ыстық сумен жуып, құрғатып сүртіңіз.

  2. 2

    Құлпынайды салқын сумен мұқият жуыңыз. Содан кейін түбіндегі жапырақшаларын алып тастап, банканың ішіне салыңыз. Езілгендерін салмаған дұрыс.

  3. 3

    Кастрөлге жемістің мөлшеріне сай суды құйып, қайнатыңыз.

  4. 4

    Банкадағы жемістің үстіне қайнаған суды абайлап құйыңыз. Банка сынып кетпеуі үшін суды бірден емес, жайлап құйған дұрыс.

  5. 5

    Қақпағын жауып, 10–15 минутқа қалдырыңыз.

  6. 6

    Банкадағы суды (сиропты) кастрөлге қайта құйып, қыздырыңыз. Қайнай бастағанда шекерді қосып, толық ерігенше араластырыңыз.

  7. 7

    Дайын тәтті сиропты қайтадан банкаға құйып, қақпағын мықтап жабыңыз.

Кеңес

Осы әдіспен өрік пен шие компотын да дәл осылай әзірлеуге болады. Қаласаңыз, аталған жемістерден аралас компот жасап көріңіз — нәтиже өте жақсы.

Дайындаған: Жадыра