Жұмекен Нәжімеденов өлеңіТерек, қайың

Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Терек, қайың; гүл мен тікен; жас, кәрі -
қалтылдайды сап - сары шөп бастары.
Көңіл желін бұлтпен басып тастады,
күзгі өңірдің шаттығы да сап - сары.
Сары бәрі, тек асау шың тұр аппақ,
Теңселеді алтын емен күңіреніп,
әр бұтағы бір - бір батпан мұң болып.
Сап - сары жел бәрін - бәрін қуғындар,
боз аспан тұр қылау бүркіп, суытып.
Жас жігіттен сырт айналар сұлулар
көктемдегі ғашықтығын ұмытып.
Қызыл перде қыз әйнегін жаңағы,
жігіт емес, сары жапырақ қағады...
Күн сараңсып сарғыш сәуле құяды,
сарғыш тартқан секілді ғой сия да?!
Қыз алдында көктемде айтқан сөздерін
Жігіт те енді есіне алар ұяла...

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия



Ұқсас жұмыстар

Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
САТЫБАЛДИЕВ ӘБЕН
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж.Нәжімеденов өлеңдерінің тілі негізінде)
Жұмекен Нәжімединов шығармаларындағы қосарланған синонимдер
Жұмекен Нәжімеденовпен интервью
Қазақ тіліндегі синонимдердің зерттелуі
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
“Аққайың” емі шипалы
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы
Қайыңның сөлі - аса пайдалы сусын
Жұмекен Нәжімеденов өлеңіЖатырмысың, самалды сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап
Жұмекен Нәжімеденов өлеңіУақыттың бестен кейін бос болғаныемес пе жамандығы дастандардың
Фариза Оңғарсынова өлеңіШырқайын - сазды сырнай досым қайда
Бес бұтақты қайыңда - Бұтақ сайын бес алма