Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер

Бұл сабақта оқушылар қайталама қос сөздер туралы білімін еске түсіре отырып, қосарлама қос сөздерді меңгереді, сауатты жазу дағдысын дамытады, сөйлемді дұрыс құрауға және қосарлама қос сөздерді қолдана отырып фонетикалық талдау жасауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдістері

Топтық жұмыс, суретпен жұмыс, салыстыру

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, сурет

Көрнекілігі

Флипчарт, экрандағы материалдар

Күтілетін нәтиже

  • Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді.
  • Мысал келтіріп, оның жасалу жолын ажырата алады.
  • Қосарлама қос сөздерді пайдаланып, фонетикалық талдау жүргізеді.

Сабақтың барысы

1) Психологиялық дайындық

Оқушылар қос сөздерді қатыстыра отырып, бір-біріне тілек білдіреді.

2) Қызығушылықты ояту

Семантикалық карта қолданылады: картада қос сөздердің түрлері мен мысалдары беріледі, оқушылар тапсырманы орындарында орындайды.

3) Мағынаны тану

Экранда берілген өлеңді бір оқушы оқиды. Өлең ішінен кездескен қос сөздерді анықтаймыз.

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап

Абай

Өлеңдегі қос сөздер

құлын-тай, жоғары-төмен, үйрек-қаз, қыз-келіншек

Салыстыру: қайталама және қосарлама

Қосарлама қос сөздер

  • құлын-тай
  • жоғары-төмен
  • үйрек-қаз
  • қыз-келіншек

Қайталама қос сөздер

  • көре-көре
  • жарқ-жұрқ
  • үйді-үйге
  • өз-өзіне

Ереже

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз.

Сұрақтар

  • Бұл сөздер қалай жасалып тұр?
  • Неше түбірден қосарланған?

Негізгі белгі

Екі түбір + қосарлану

Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары

Қосарлама қос сөздер әртүрлі мағыналық қатынастағы сыңарлардың қосарлануы арқылы жасалады. Төменде негізгі түрлері мен мысалдары берілген.

Мысал сөйлем

Елу түйесі, екі жүздей қой-ешкілері тағы бар.

Бұл сөйлемдегі қой-ешкі — мағыналас сөздердің қосарлануы.

1) Мағыналас (синоним) немесе қарама-қарсы (антоним) сөздердің қосарлануы

Мысалдар: қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні, ауыл-аймақ, ағайын-туыс.

Мысал сөйлем: Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары көнерген/мағынасы көмескі сөздер

Мысалдар: көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын.

Түсіндірме

шаға, жұрқа, көншек, қырқын сияқты сөздер көне немесе басқа тілден енген болуы мүмкін: бұрын белгілі бір мағына берген, бүгінде қолданыста көмескіленген.

Мысалы, шаға сөзі кей контексте «кішкентай» мәнін беріп, «қызыл шақа» тіркесімен байланысты түсіндіріледі.

3) Екі сыңары да мағынасыз (дыбыстық-үйлесімді) сөздердің қосарлануы

Мысалдар: анда-санда, оқта-текте, ығы-жығы, некен-саяқ.

Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап, анда-санда есін жиып

Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып.

Сәкен Сейфуллин

4) Кейінгі кезде қалыптасқан күрделі үлгілер

Бұл топта қосарламаның сыңарлары кейде әртүрлі тұлғада, кейде бір тұлғада келеді.

Мысалдар: оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту, қазақша-орысша, үгіт-насихат.

Мысал сөйлем: Мұғалімдерге оқу-әдістемелік құралдар жіберілді.

Оқулықпен жұмыс

93-жаттығу

Оқушылар тізбектей отырып, қосарлама қос сөздердің жасалуын ауызша талдайды.

95-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Сөз тіркестерін құрастырады: ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы және т.б.

«Жалғасын тап» ойыны

Берілген жұптардың жалғасын табыңыз:

дос —
егжей —
— жарақ
сәлем —
— насихат
— сарсаң
— келбет
әрі —
ығы —

Фонетикалық талдау (3 топқа тапсырма)

  • 1-топ: дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау.
  • 2-топ: кескін-келбет сөзіне фонетикалық талдау.
  • 3-топ: ығы-жығы сөзіне фонетикалық талдау.

Суретпен жұмыс

Екі сурет ұсынылады. Оқушылар өз таңдауы бойынша қос сөздерді қатыстырып, қысқаша әңгіме құрайды.

Бекіту

Қосарлама қос сөздерге топтастыру (кластер) құру.

Үйге тапсырма

Ережені жаттау.

Автор туралы мәлімет

БҚО, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Алипова Гульназ Туракбаевна.