Бүгінгі сабағымыздың ұраны

Сабақтың тақырыбы

Ырықсыз етіс

Сабақтың мақсаты

А) Білімділік

Ырықсыз етістікті меңгерту, мағлұмат беру арқылы оқушылардың білімін арттыру.

Ә) Тәрбиелік

Тәрбие мен білімнің егіз ұғым екенін оқушылардың бойына сіңіру; дұрыс түсінуге, орынды сөйлеуге және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін арттыру, жаттығу жұмыстары арқылы ой-өрісін дамыту.

Сабақтың ұйымдастыру негізі

Технологиясы

Сатылай комплексті талдау.

Әдіс-тәсілі

Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі

Плакаттар, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе бөлім

Сабақ барысында қазақ халқының еңбек пен білім туралы мақал-мәтелдері мен ұлағатты сөздері негізге алынады.

Сабақ ұраны

«Жақсы жұмыстан жан рақат алады».

II. Үй тапсырмасын сұрау

Бекіту және тексеру

Үйге берілген 242-жаттығу тексеріледі. Қажет болған жағдайда үй тапсырмасын тест арқылы да тексеруге болады.

Тест сұрақтары

  1. Өздік етістікті көрсетіңіз.
  2. Қай етіс түрі іс-қимылдың өздігінен орындалғанын білдіреді?