Көмекші есімдерді ата
Сабақ мақсаты
Білімділік
Негізгі және көмекші етістіктер туралы білімді пысықтау; етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Сөйлем құрау, етістіктерге тұлғалық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру; шығармашылық қабілетті дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік
Мысалдарды талдау арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныптың дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Көмекші сөздер нешеге бөлінеді?
- Көмекші есім дегеніміз не?
- Көмекші есімдерді ата.
- Көркем шығармадан жазып келген мысалдарды тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Етістіктер сөйлемде атқаратын қызметі мен мағынасына қарай екіге бөлінеді: негізгі етістік және көмекші етістік.
Негізгі етістік
Жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістік.
Мысалдар
- Оқушылар бүгін Алматыға жүріп кетті. (жүру)
- Олар биік тауға шықты. (шығу)
Көмекші етістік
Толық мағынасы жоқ; тек негізгі етістіктермен және есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістік.
Мысалдар
- Ол мәселені кеше айтқан екен.
- Ол бүгін келген еді.
- Қонақтар жатып қалыпты.
Екі қызметте қатар жұмсалу
Қазақ тілінде етістіктердің бір бөлігі әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді.
Мысал
Нартжан осыны айтып, бір түрлі мұңайып қалды.
Мысал
Тәрелкеде екі алма, бір алмұрт қалды.
Тек көмекші мәнде қолданылатын етістіктер
Қазақ тілінде төрт етістік ғана көмекші етістік мәнінде жиі қолданылады. Олар лексикалық мағынасынан толық айырылған; негізгі етістік болып жұмсалмайды (немесе өте сирек қолданылады): е, де, жазда, ет.
Мысалдар
- Асан қуанып, жұмыртқаны алайын деп еді.
- Билер дауды шешуге сөз бастаған екен.
IV. Жаттығу кезеңі
Алгоритмдік саты
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз; етістіктерді түрлеріне ажырат.
… сөйлесең де, … сөйле.
… егін, … тегін.
Ұлық …, кішік …
Көп …, жоқ …
Керекті сөздер
2-тапсырма
Негізгі етістіктерді бір бөлек, көмекші етістіктерді бір бөлек топтастыр.
3-тапсырма
Төмендегі етістіктердің қай сөйлемде негізгі, қай сөйлемде көмекші қызмет атқарып тұрғанын анықта.
- Машина ұзай берді.
- Допты алып, балаларға берді.
- Мен балаларды көргім келді.
- Бектұр бір басып, екі басып қасына келді.
- Айтжан қапелімде не дерін білмей қалды.
- Балаларға ілеспей, үйде қалды.
Эвристикалық саты
1-тапсырма
Келесі етістіктерді қатыстырып, күрделі етістік құрастыр: ет, бер, сал, жаз.
2-тапсырма
Сөйлемдерден етістіктерді тап та, тұлғалық талдау жаса.
- Түсте қапырық, шатырдың іші ысып кетті.
- Қалайы кружканың қара шайын қанша ішкенімен, шөлі қанбайды.
- Құрбан ақсақал келгелі, картаның беті шүпірлеген жазуға толып кетті.
3-тапсырма
Өздерің білетін өлеңнен немесе әңгімеден үзінді жазып, құрамындағы етістіктерге талдау жаса.
Шығармашылық саты
- Көмекші етістіктерді қатыстыра отырып, суретке қарап мәтін құрастыр.
-
Төмендегі құрылымды пайдаланып, бір шумақ өлең құрастыр:
… үндес едің, … тілдесемін.
…, … білмес едім.
V. Бекіту
Венн диаграммасы
Венн диаграммасы арқылы көмекші есім мен көмекші етістікті салыстыр.
Қайталау сұрағы
Негізгі етістіктің қызметі қандай?
VI. Үй тапсырмасы
Ережені жаттау.
VII. Бағалау
Оқушыларды берілген жетондар бойынша бағалау.