Сиқырлы қаламның мақалы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мәлімет

Тәрбиеші
Адильханова Айгерим Бейсенғазықызы
Мекеме
Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақша

Білім беру бағыты

Білім беру саласы
Таным
Тарауы
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
«Мамандықтың бәрі жақсы!»

Қамтамасыз ету

  • Сөздік жұмыс: мамандық — профессия
  • Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, мамандық иелерінің құралдары мен киімдері
  • Ойынға қажетті суреттер, сиқырлы қорап

Мақсаттары

Білімділік

  • Күнделікті кездесетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру.
  • Мамандықтарға қызығушылықты арттыру.
  • Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы әр мамандықтың қыр-сырын ашу.
  • «Мен өскенде кім боламын?» сұрағы арқылы ой-қиялды дамыту.

Дамытушылық

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыру дағдысын дамыту.
  • Жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Тәрбиелік

  • Үлкендердің еңбегін бағалауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Қызығушылықты, ынтаны арттыру.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі: «Күн» шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, «Күн» атты шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сұрақ-жауап

  • Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
  • Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
  • Егер тоңсақ, қолымызды үрлеу әдісімен жылытайық.

Елестету тапсырмасы

Жылынып болған соң, өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетеміз:

  • Айналаның бәрі қандай?
  • Қардың түсі қандай?
  • Ауа райы қандай?
  • Бұл қай мезгілде болады?

2) Тақырыпқа кіріспе

Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы — «Мамандықтың бәрі жақсы!». Біз мамандық иелері туралы әңгімелесеміз, өйткені әр мамандық өмірде өте қажет.

Сұрақ: Балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен кездесесіңдер?

3) Ғажайып сәт: пошташының хаты

Біреу есік қаққандай болады. Пошташы келіп, хат пен чемодан алып келеді. Хаттағы тапсырма — жұмбақтар.

Жұмбақ 1: Мұғалім

Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі.

Жауабы: Мұғалім

Бүгін бізде Ақбота — мұғалім.

Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Бөбектерді оқытар,
Мен мұғалім боламын!

Жұмбақ 2: Дәрігер

Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты.

Жауабы: Дәрігер

Бүгін бізде Балнұр — дәрігер.

Кішкентай әлі баламын,
Таудай болар талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.

Тапсырма: 1–2 бала ортаға шығып, дәрігерден «ем қабылдап» көреді.

Жұмбақ 3: Тігінші

Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді.

Жауабы: Тігінші

Тігінші қызымыз — Айша.

Өрнектетіп, сәндетіп,
Тігістерін бүгетін,
Тігінші болам мен ертең,
Киім-кешек тігетін!

Көрсетілім: Айша тігін машинасымен тігіс тігіп, балаларға көрсетеді. Тәрбиеші бет орамалын тіктіргісі келетінін айтады.

Жұмбақ 4: Солдат

Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім?

Жауабы: Солдат

Бүгін бізде Алихан — болашақ ел қорғаны.

Бір, екі, үш —
Бойға жинап күш.
Шынығамын таңертең,
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең!

Тапсырма: 2–3 ұл ортаға шығып, Алиханның бұйрығын орындап, болашақ сарбаз екендерін дәлелдейді.

Жұмбақ 5: Аспаз

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.

Жауабы: Аспаз

Бүгінгі аспазымыз — Аяулым.

Дәмді тамақ пісіріп,
Өнерлі бала боламын.
Халқым сүйген ардақты,
Мен аспазшы боламын.

Тапсырма: 2 бала ортаға шығып, аспаздың «дайындаған дәмінен» ауыз тиіп көреді.

Сиқырлы қаламның өнегесі

Әр тапсырмадан кейін «сиқырлы қалам» балаларға жақсы сөз бен өнеге айтады: еңбек, білім, тәртіп — барлық мамандықтың негізі.

4) Сергіту сәті

Би де — бір мамандық. Балалар бой сергітіп, «Весёлые утята» биін билейді.

5) Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»

Шарты: әр мамандық иесіне тән құралды тауып, дұрыс орналастыру.

Дағды

Сәйкестендіру, топтау, дәлелдеп айту.

Коммуникация

Талқылау, бір-бірін тыңдау, кезекпен жауап беру.

Нәтиже

Мамандықтар туралы түсінік тереңдейді, қызығушылық артады.

Арман гүлі: «Мен өскенде кім боламын?»

Балалар бүгін көптеген мамандық иелерінің еңбегімен танысты. Енді әрқайсысы өскенде кім болғысы келетінін айтады. Тәрбиеші балалардың жауабын сиқырлы қаламмен жазып алып, Арман гүліне іліп қояды.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге —
Кетігін тап та, бар қалан!

Осындай мамандық иесі болу үшін біз білімді, тәрбиелі болып өсуіміз керек.

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз не туралы өттік?
  • Қандай мамандық иелерімен таныстық?

Балаларды мақтап-мадақтау.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Қыс мезгілін және ауа райының негізгі белгілерін ажырата білу.

Болуы керек

Әртүрлі мамандық иелері туралы бастапқы түсінігі болуы.

Істей білуі керек

«Мен өскенде кім боламын?» сұрағына нақты жауап бере білу.