Тоқыма айқаспаның түрлері Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе елді мекені, №2 орта мектебі. Технология пәнінің мұғалімі: Утегенова Жібек Жаналиевна.

Сабақтың тақырыбы

Тоқыма айқаспаның түрлері

Мақсаты

Оқушылардың білімін біліктілік және іс-тәжірибемен ұштастыра отырып, тақырып бойынша толық мағлұмат беру.

Дамытушылық

Жеке тапсырмаларды орындау барысында технологиялық реттілік пен талаптарды сақтауға үйрету, шығармашылық қабілетті дамыту.

Тәрбиелік

Жаңашылдыққа, әсемдікке, дастарқан әзірлеу мәдениетіне баулу; тоқыма айқаспаларының ерекшелігін ұқыптылықпен, тазалықпен және жауапкершілікпен қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

  • Сабақтың түрі: аралас
  • Әдістері: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап

Қамтамасыз ету

  • Көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, журналдар, құрал-жабдықтар
  • Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Жаңа сабақ
  3. 3 Сабақты бекіту
  4. 4 Үй тапсырмасы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысуын және дайындық деңгейін анықтау.

Жаңа сабақ: тоқыма айқаспалары

Мата негізгі жіп пен арқау жіптің айқасуынан тоқылады. Әр матаның айқасу тәсілі әртүрлі болады. Тоқыма айқаспаларының ең қарапайым түрлері: кездемелік, саржалық, сәтендік айқаспалар.

Кездемелік айқаспа

Бұл айқаспада негізгі және арқау жіптері жиі айқасады. Мұндай тәсілмен көбіне мақта, зығыр, жібек маталар тоқылады.

Ерекшеліктері

  • Аз созылады.
  • Жібі онша сетінемейді.
  • Киім пішуге қолайлы.

Саржалық айқаспа

Негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылады. Бұл айқаспаның басты белгісі — мата бетінде қиғаш бедер көрінеді.

Қасиеттері және қолданылуы

  • Кездемелікке қарағанда тығыздау, қалыңдау және салмақтырақ.
  • Жұмсақ, оңай қыртысталады.
  • Көбіне жеңіл киімдер тігуге қолданылады.
  • Созылғыш әрі тез сетінегіш болуы мүмкін.

Мысалдар: кашемир, шотланд, бәмәзи, фланель, саржа.

Сәтендік және атластық айқаспа

Сәтендік және атластық айқаспаларда негізгі жіп пен арқау жіптердің айқасуы сирек болады.

Сәтендік айқаспа

Арқау жіп төрт немесе одан да көп негізгі жіпті қамти айқасады.

Атластық айқаспа

Керісінше, негізгі жіп төрт немесе одан да көп арқау жіпті қамти айқасады.

Мысал материалдар

  • Сәтендік айқаспа: сәтен, драп.
  • Атластық айқаспа: атлас, креп-сәтен, астарлық сәтен.

Сабақты бекіту

Сұрақ

Тоқыма айқаспаларының түрлері туралы нені үйрендіңдер?

Үй тапсырмасы

Тапсырма

Тақырыпты оқып келу және негізгі ұғымдарды жаттап, түсінігін бекіту.