Жатқа жазу
Сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Мақсаты
- Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру.
- Сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді табуға және тиісті сұрақ қоя білуге үйрету.
- Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
- Сауатты, көркем жазуға, ұстамдылыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Көрнекілігі
- Кесте
- Сызбалар
- Сөзжұмбақ
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: 65-жаттығу (оқыту, тексеру).
2) «Миға шабуыл»
Сұрақ 1
Бастауыш дегеніміз не?
Сұрақ 2
Баяндауыш дегеніміз не?
Сұрақ 3
Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
3) Ой қозғау
Сәуле кітапханаға келді.
Оқушылар сыныпқа кірді.
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз.
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
4) Оқулықпен жұмыс: тұрлаусыз мүшелердің түрлері
Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелерді үш топқа бөліп қарастыру қалыптасқан:
5) 66-жаттығу: сұрақ қою арқылы ажырату
1-баған: тек тұрлаулы мүшелер
Жадыра келді.
Қоңырау соғылды.
Мал өсті.
Су ақты.
2-баған: тұрлаулы + тұрлаусыз мүшелер
Жадыра қалаға келді.
Сұрақ: Қайда?
Қоңырау қайта-қайта соғылды.
Сұрақ: Қалай?
Мал төлден өседі.
Сұрақ: Неден?
Су арықпен ақты.
Сұрақ: Немен?
Қорытынды: 1-бағандағы сөйлемдер тек тұрлаулы мүшелерден, ал 2-бағандағы сөйлемдер тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден құралған.
6) Жаңылтпаш: «Кім шапшаң?»
Жағажай, жағажайда Қамажай, Жағажайды жағалай жүгіреді Қамажай.
Сұрақ: жаңылтпашта қай дыбыс жиі кездеседі?
7) Дәптермен жұмыс: көркем жазу минуты
Әріп үлгісі
Ж Ж ж ж
Сөздер: Жарас, Сәтжан, Нұржан, нәтиже, енжар, Рымжан, Нұржігіт, Тоғжан.
8) Жаттығулар орындау
67-жаттығу (жауап парақшасымен жұмыс)
- Әсия гүлді ұнатады.
- Әдемі гүл өсті.
- Біз ұшаққа міндік.
- Ұшақ әуежайға қонды.
- Жарастың бригадасы жұмысқа кірісті.
- Дастарханды дәмді тағамға толтырды.
68-жаттығу (жатқа жазу)
Ала қарға қарға қонды, Қара қарға жарға қонды.
69-жаттығу (шығармашылық жұмыс)
Гүл өсті.
Мен гүлді өсірдім.
Көбелек қонды.
Мен көбелекті ұстадым.
70-жаттығу
Тасбақа мен тышқан келе жатты.
Олар түлкіні көрді.
Тышқан інге кіріп кетті.
Тұрлаулы мүшелер («қызыл ұя»)
тасбақа, тышқан, келе жатты, олар, көрді, тышқан, кіріп кетті
Тұрлаусыз мүшелер («көк ұя»)
түлкіні, інге
9) Қорытынды сұрақтар
- Бүгін біз сөйлемнің қандай мүшелерімен таныстық?
- Тұрлаусыз мүшелер қандай сұрақтарға жауап береді?
10) «Орныңды тап» ойыны
Тапсырма: төмендегі сөздердің тұрлаулы не тұрлаусыз мүше екенін ажыратыңыз.
Қайталау
Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
Қайталау
Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
11) Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге
71-жаттығу, 93-бет.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.